“Мемлекетке масыл болғым келмейді“ әкім орынбасары Жақсылық Омардың соттағы соңғы сөзі

03.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін, 2 сәуірде сотталушы соңғы сөзін айтты. Жақсылық Омар өзіне бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды және айыппұл салуды тағы да сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызда өткен жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Жақсылық Омарды алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын. ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына ірі мөлшерде алаяқтық жасады және ірі мөлшерде пара алды деген айып тағылып отыр.

"Ойлануға уақытым жеткілікті болды. Ештеңені кері қайтару мүмкін емес екенін сезіну одан да қиын. Мен мемлекетке масыл болғым келмейді, керісінше өз үлесімді қосқым келеді. Қарызға батсам да, айыппұлды төлеймін. Түсіністікпен қарайды деп үміттенемін", - деді Жақсылық Омар соттағы соңғы сөзінде.

Осыдан кейін судья үкім шыққанға дейін үзіліс жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылғы 13 ақпанда желіде Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде ШҚО әкімдігі бұл туралы мәлімет жоқ екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, "әкім орынбасары денсаулығына байланысты уақытша демалыс алды" деп хабарланған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью