Мемлекетке қайтарылған жерлер қалай үлестірілді

02.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер қалай үлестірілгенін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соңғы төрт жылдың ішінде барлығы 14,3 млн гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын. Атап айтқанда:

2022 жылы – 5,4 млн гектар;

2023 жылы – 4,6 млн гектар:

2024 жылы – 2,2 млн гектар;

2025 жылдың басынан бері – 2,1 млн гектар мемлекетке өтті.

Соның басым бөлігі – жайылымдық жерлер ( 12,5 млн гектар).

Бұл алқаптарда 16,1 мың шаруашылықта мал болмаған немесе жайылымға түсетін жүктеменің төмендігі анықталған.

2022 жылдан бері мемлекетке қайтарылған жерлердің 7,7 млн гектары қайта бөлінді. Олар:

2,7 млн гектар – мал жаю үшін ортақ пайдалануға;

5 млн гектар – конкурстық негізде.

Сонымен қатар, жер пайдаланушылар 4,6 млн гектар алқапта жерлерін тиімді пайдалануға кірісті.

"Президенттің жолдауында белгіленген тағы 7,5 млн гектар жерді қайта бөлу жұмыстары жалғасуда. Әкімдіктерге бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың жайылымға деген қажеттіліктерін және ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетін азаматтардың мүдделерін ескеру тапсырылды", - дейді министрлік мамандары

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью