Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
2025 жылы мемлекет мүгедектігі бар азаматтар мен асыраушысынан айырылған отбасыларды әлеуметтік қолдауға қомақты қаржы бөлді. Жыл қорытындысы бойынша бұл мақсатқа жалпы 746 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалып, әлеуметтік қорғау жүйесінің ауқымы мен маңызы айқын көрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
Бюджет пен қордан төленген қаражат
Өткен жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 655,7 млрд теңге бағытталды. Бұған қоса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 90,3 млрд теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың қорытындысында мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 553,9 мың адамға жетсе, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алғандар саны 191,9 мың адамды құрады.
Жәрдемақы мөлшері қалай есептеледі?
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты айқындалады.
Ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы көлемі қайтыс болған асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төмен күнкөріс деңгейіне қарай белгіленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің рөлі
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін де қосымша қолдау тетіктері қарастырылған. Әлеуметтік тәуекелдер туындаған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер жүзеге асырылады. 2025 жылы 101,3 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша, ал шамамен 68,6 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.
Бұл төлемдердің мөлшері әр азамат үшін жеке есептеледі. Ол соңғы екі жылдағы әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты ауыстыру деңгейіне байланысты. Аталған төлемдер республикалық бюджеттен төленетін жәрдемақыларға қосымша ретінде беріледі.
2026 жылдан бастап өсім барМемлекеттік қолдау көлемі алдағы кезеңде де ұлғая түсті. Ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар 10 %-ға артты. Үкімет шешімімен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер де 10 %-ға көбейтілді.
Нәтижесінде, биыл жалпы ауру салдарынан мүгедектігі бар азаматтарға арналған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін 111 872 теңгені, 2-топ үшін 89 498 теңгені, 3-топ үшін 61 021 теңгені құрайды.
Ал 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 72 409 теңге болса, асыраушысынан айырылу бойынша орташа төлем 73 306 теңгеге жетті.
Бұл деректер мемлекет үшін әлеуметтік әділет пен азаматтардың әл-ауқатын қамтамасыз ету басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін аңғартады.
1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер мен салық жүйесі өзгерді
Соңғы жаңалықтар
АҚШ-та дауыл салдарынан кемінде 26 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 10:26
Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлейді
Заң • Бүгін, 10:18
Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогқа жеделхат жолдады
Президент • Бүгін, 10:04
Картоп пен сәбіз: 2026 жылы тапшылық қаупі бар ма?
Экономика • Бүгін, 10:01
Жаркенттегі қатыгездік: Баласын аяусыз ұрған әйел 7 жылға сотталуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 09:50
Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 09:37
Жел, боран және көктайғақ: Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:14
Ата заң реформасы ауқымды өзгерісті қамтиды
Ата заң • Бүгін, 09:05
Заң мен тәртіп – мемлекеттік саясаттың басты қағидаты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:00
Әлеуметтік бағытты бекемдеген бастама
Қоғам • Бүгін, 08:55
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50
Әлемдік тәжірибедегі бір палаталы Парламент тиімділігі
Құрылтай • Бүгін, 08:48
Қоғам • Бүгін, 08:45
Тәуелсіздік, бірлік һәм жаһандық жауапкершілік
Пікір • Бүгін, 08:43