Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратта, дипломатиялық корпуста және Президент Әкімшілігінде кадрлық өзгерістер жасау туралы Жарлық пен өкімдерге қол қойды.
Атқарған лауазымдарынан босатылғандар тізімі:
Қорғаныс министрлігі: Дархан Ахмедиев ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Президент Әкімшілігі: Ербол Адаев ҚР ПӘ Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.
Президенттің Іс басқарушысы: Абай Алтай ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.
Дипломатиялық корпус: Сатыбалды Буршаков ҚР-ның Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Бүгін, 12:02