Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

12.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ата заң жобасының жарияланып, бүкілхалықтық талқылауға ұсынылуы – ел болашағын айқындайтын тарихи уақиға. Бұл бастама тек құқықтық негізді жаңарту емес, мемлекеттік басқару жүйесін сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған кешенді институционалдық реформа.

Фото: Мемлекеттік басқару академиясы

Жаңа Конституция жобасы даму моделімізді табиғи ресурс­тар­дан интеллектуалдық әле­ует­ке көшіруді көздейді. 3-бапқа сәйкес, білім, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық басымдығы ретінде бекітілді. Бұл норма мемлекеттік бюджеттің зияткерлік салаларға кепілді бағдарлануын қамтамасыз етеді. 23-бап ғылыми, техникалық және көркем шығармашылық еркін­­дігін конституциялық дең­­гейде бекіту арқылы инно­ва­ция­лық даму мен білім эконо­ми­касының берік іргетасын қалайды. 60-бапта ғылым алғаш рет заңмен реттелетін қоғамдық қатынастардың дербес саласы ретінде танылды. Бұл – ғылыми қауымдастықтың мәртебесі мен қаржыландыру тетіктерін жүйелі реттеуге жол ашады.

Маңыздысы, болашақ Ата заңның осы ережелері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кейінгі үш жыл ішінде Ұлттық құрылтай, Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес отырыстары мен өзге де жоғары деңгейлі алаңдарда бірнеше рет айқындаған бағытымен тікелей сабақтасады. Отандық ғылымды қаржыландыру көлемін ұлғайту, ғылыми зерттеулерді коммер-цияландыру және жеке инвестицияларды тарту, жас ғалымдарға жан-жақты қолдау, ғылыми қоғамдастықты мемлекеттік саясатты сараптамалық-тал­да­малық сүйемелдеуге тарту, ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ ғылым мен жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту – осының бәрі енді конституциялық мәртебеге ие болады. Бұл саясаттың ауысуына қарамастан іске асырылатын, жалғасымдылығы қамтамасыз етілген стратегиялық курсқа айналатынын білдіреді.

 Мемлекет басшысы атап өткендей: «Маман даярлау ісі экономиканың нақты секторларында жасанды интеллект пен жаңа технологияларды игеру қарқынына ілесе алмай отыр. Оқу бағдарламалары мен стандарттары жаңарып үлгергенше, мамандықтар өзгеріп кетеді. Демек, жай ғана IT-мамандардың санын көбейту және жалпы цифрлық дағдыларды үйрету жеткіліксіз. Елімізге жасанды интеллектіні кез келген салада қолдана білетін кәсіби мамандар қажет. Олар нақты жұмыс орындарындағы еңбек өнімділігін арттырады».

Осы бағытта Мемлекеттік басқару академиясы жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. 2025 жылы жасанды интеллектіні қолданудың базалық дағдыларын меңгеруге бағытталған AI Qyzmet бағдарламасы аясында Академия және оның филиалдары арқылы 52 525 мемлекеттік қызметші оқытылды. Сонымен қатар Академия онлайн форматта құқық қорғау органдарының 1 863 қызметкерін оқытты.

Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы мемлекеттік басқарудың цифрлық трансформациясына қатысатын кадрларды жүйелі түрде даярлаудың стратегиялық маңызын тағы бір мәрте айқын­дайды. Осыған байланыс-ты биыл қаңтарда Академия базасында мемлекеттік секторда жасанды интеллект шешімдерін ауқымды енгізуге қабілетті басшыларды даярлауға бағытталған AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасы іске асырылды. Бағдарлама Президент Әкімшілігі басшысының тапсырмасымен Үкімет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүргізілді.

Конституциялық реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын нығайтады. Жаңа басқарушылық тетіктердің ішінде Халық кеңесінің құрылуы маңызды. Бұл орган мемлекеттік шешімдерге, заңдарға және референдум өткізу мәселелеріне тікелей ықпал етуге мүмкіндік беретін консультативтік алаң болмақ.

Жаңа Конституцияның тағы бір ерекшелігі – цифрлық құқықтардың конституциялық деңгейде бекітілуі. Қазіргі цифрлық дәуірде азаматтардың дербес деректерін қорғау, кибер­қауіпсіздікті қамтамасыз ету, онлайн алаяқтыққа қарсы күрес мемлекеттің жаңа жауап­кер­шілік аймағына айналды. 21-бапта жеке деректердің цифрлық технологиялар арқылы заңсыз жинауы-на тыйым салынып, байланыс құпиясы (соның ішінде цифрлық) қорғалады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік деректерді басқарудың бірыңғай жүйесін құру, цифрлық платформаларды біріктіру және жасанды интеллект негізіндегі сервистерді дамыту міндетін қойды. Бұл – мемлекеттік басқаруды проактивті модельге көшірудің нақты қадамы.

Бүгінде Ата заң жобасын кеңінен насихаттау және қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыру жолында еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері белсенді ұстаным танытып отыр. Еліміздің алдыңғы қатарлы саяси партиялары мен 300-ден аса қоғамдық ұйым өкілі бірігіп, «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жал­пы­ұлттық коалициясын құрды. Коалиция құрамына мил­лион­даған азаматтың мүд­де­сін білдіретін ұйымдар мен сарап­шылар, қоғамдық пікір көш­басшылары енді.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы үшін жаңа Конституциялық реформа ерекше мәнге ие. Жаңа басқару моделінде мем­­ле­кеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мен қоғам алдындағы есептілігі арта түседі. Мемлекеттік аппарат ашықтық, тиім­ділік және азаматқа бағдар­лану қағидаттарына негізделген жаңа жұмыс стандарттарына көшуге тиіс. Ата заң жаңа буын мемле­кеттік қызметшіге – заңды терең білетін, цифрлық технологияны меңгерген, азаматтың мүддесін ең жоғары басымдық деп санайтын кәсіпқойға деген сұранысты күшейтеді. Академия осы міндетті орындаудың бірден-бір жүйелі платформасы болып қала бермек.

Жаңа Ата заң – мемлекет­ті­ліктің сабақтастығын сақтай отырып, басқарудың жаңа сапасына көшуге бағытталған құжат. Ол саяси жүйені жаңғыртуға, эконо­микалық даму үшін институцио­нал­дық негізді күшейтуге және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға қызмет етеді. 92−96-баптарда өзгерістердің референдум арқылы енгізілуі және 2026 жылдың 1 шілдесінен күшіне енуі қарастырылған, бұл реформалардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Алдағы уақытта жаңа Консти­ту­цияның тағдырын ел азаматтары жалпыұлттық референдум арқылы айқындайды. Бұл – ха­лықтың мемлекет болашағын таң­дауға тікелей қатысуының айқын көрінісі.

Азамат ЖОЛМАНОВ,

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Қазақстан • Бүгін, 09:24

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:12

Сенат төрағасы: Тарихи кезеңде ұлттың бірлігі аса маңызды

Үкімет • Бүгін, 09:00

Бірқатар халықаралық келісімдер ратификатталды

Саясат • Бүгін, 08:55

Шыны зауытындағы бірегей жобалар

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Энергетикалық қауіпсіздік – экономикалық тұрақтылық кепілі

Энергетика • Бүгін, 08:45

Еңбек көші-қонында тәуекел көп

Қоғам • Бүгін, 08:40

Мемлекеттік басқару: Жаңа сапаға қадам

Пікір • Бүгін, 08:38

Ағайынды Дүйсен мен Дүйсенбі болыс

Зерде • Бүгін, 08:35

Елдің институционалдық бағдарын қалыптастырады

Ата заң • Бүгін, 08:33

Оқушылар қалай тамақтанады?

Білім • Бүгін, 08:30

Ата-анаға құрмет – елдік қасиет

Пікір • Бүгін, 08:28

Ұрпақ тәрбиесінің төрт тұғыры

Тәрбие • Бүгін, 08:25

Бір баптың бағасы, бір тармақтың тағылымы

Пікір • Бүгін, 08:22

Наурыз айындағы тестілеу басталды

Білім • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью