Мемлекеттік грантты мәселені шешуге не қоғамдық ұйымды қол балаға айналдыруға жұмсауға болады Байменов

21.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Философияда санның сапаға өту заңдылығы деген бар. 80-жылдардың соңында, ұзақ үзілістен кейін кеңес жүйесінде қоғамдық ұйымдар құруға рұқсат берілгенде олар қаулап өсті. Мысалы, өзім «Ұлытау» қозғалысына басшылық жасадым. Батыста «Жем», «Нарын» қозғалысы, Семейде, Қарағандыда, жалпы жер-жерде осындай қозғалыстар жұмыс істеді. Ал жалпыұлттық 3 қозғалыс болды. Ол мәдениетте — «Қазақ тілі» қоғамы, экологияда — «Невада-Семей» қозғалысы, саясатта — «Азат» қозғалысы. Осылардың шоқтығы ең биік. Себебі үшеуі де жалпыұлттық сипат алды. Дегенмен шағын жүздеген аймақтық қозғалыстар, ұйымдар пайда болды. Ол уақытта мемлекет мүмкіндігі басқа еді. Сондықтан олар мемлекеттік грантқа жүгінген жоқ. Бірақ, өздері мәселе көтеріп, соны шешуге мәжбүрлей алды, — деді ол.

Комитет төрағасының айтуынша, «Ұлытау» қозғалысы қазіргі Ұлытау облысында Байқоңырды зымыран сынақтарын жинауға мәжбүрледі. Радиолокациялық стансаларды елді мекендерде шалғайға көшіруге ықпал етті.

— Кейін мемлекет мүмкіндігі ұлғайғаннан соң гранттар бөле бастады. Бұл жерде тепе-теңдіктің сақталғаны жөн. Грантты мәселені шешуге не болмаса қоғамдық ұйымды қол балаға айналдыруға жұмсауға болады. Осы ретте қоғамдық ұйым өзінің бастапқы мақсатын ұмытпауы тиіс. Ол өзекті мәселені шешу үшін, шеше алмаса қоғамды жұмылдырып, билікті мәжбүрлеу, жол көрсету үшін құрылады. Осыдан оншақты жыл бұрын Азаматтық альянстың жиналысына қатысқанымда басым көпшілігі гранттар мәселесін көтереді. Ал өздерінің экологиялық, мәдени және басқа сұрақтарын ешқайсысы көтерген жоқ. Сонда, «Құдайға шүкір қазір мемлекетіміздің жаңа мүмкіндіктері бар» деп ойладым. Бірақ, ол мүмкіндік өткір ұстара секілді. Дұрыс пайдаланбаса, оны бірен-саран лауазым иесінің мүддесіне пайдаланса, онда азаматтық белсенділік өзінің рөлін атқармағаны, — деді Әлихан Байменов.

Осыған дейін Байменов Тәуелсіздік алғаннан кейінгі романтика алғашқы жылдардағы қиындықтарды еңсеруге көмектескенін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью