Мемлекеттік кеңесші: Конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешім жалпыхалықтық референдумда қабылданады

24.01.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның алғашқы отырысындағы сөйлеген сөзінде, жұмыс тобының мүшелерімен қатар,  Amanat, Ауыл, Respublica, Ақ жол, Қазақстан халық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өздерінің ой-пікірін дайындап, жолдағанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: yandex.kz

««Байтақ» партиясы, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысы, Республикалық адвокаттар алқасы, «Toqtamys» адвокаттар қауымдастығы, Халықаралық арбитраж және медиация палатасы, Парламентаризмді дамыту қоры, Экономикалық саясат институты, «Азаматтық бастама» бастамашылық тобы және басқа да ұйымдар өз ұсыныстарын жолдады», деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, жалпы саны, конституциялық реформаға қатысты 7 саяси партия, 16 қоғамдық ұйым өз ұсыныстарын жіберген. Ал, е-Otinish және eGov порталдары арқылы азаматтар мен қоғам белсенділері тарапынан 600-ден астам ұсыныс түскен.

«20 қарашада Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Президент азаматтардан, сарапшылардан және қоғам белсенділерінен түсетін ұсыныстардың барлығын жан-жақты зерделеуді тапсырды. 2 желтоқсанда Жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Жиында жаңа Парламенттің құрамына қатысты мәселелер қарастырылды.

Атап айтқанда, бір палаталы Парламенттің өкілеттік мерзімі, депутаттар саны, квоталар және сайлау тәртібі талқыланды. 29 желтоқсанда Жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Онда болашақ Парламенттегі заң шығару үдерісінің негізгі бағыттары талқыланды», деді Е.Қарин.

6 қаңтарда Мемлекет басшысы Парламенттік реформа туралы арнайы жұмыс кеңесін өткізген. Жұмыс тобына конституциялық реформаға қатысты негізгі ұстанымдарды әзірлеу тапсырылған.

9 қаңтарда Жұмыс тобының кезекті төртінші отырысы ұйымдастырылған. Онда болашақ Парламенттің басқа билік институттарымен өзара іс-қимылына және бір палаталы Парламенттің атауына қатысты ұсыныстар талқыланған.

12 қаңтарда Мемлекет басшысы Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізген. Президент конституциялық реформаға қатысты түпкілікті шешімді еліміздің азаматтары жалпыхалықтық референдумда қабылдайды деп нақты айтқан.

15 қаңтарда Жұмыс тобының бесінші отырысы ұйымдастырылды. Онда жаңа Парламенттің негізгі мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз етудегі құзыреті талқыланды.

«19 қаңтарда, яғни, осы аптаның басында Жұмыс тобының алтыншы, қорытынды отырысы өтті. Оған Мемлекет басшысы өзі қатысты. Жұмыс тобының мүшелері Мемлекет басшысына атқарылған жұмыстар туралы баяндап, ортақ ұстанымдарды таныстырды. Президент бұл ұстанымдарға қолдау білдіріп, көп ұзамай қосымша өз ойларын да ортаға салатынын айтты», деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесші Жұмыс тобы жарты жыл бойы белсенді жұмыс істеп, Парламенттік реформаға қатысты мәселелерді 6 отырыста жан-жақты талқыланғанын айта келе, Жұмыс тобының барлық мүшелеріне белсенді қызметтері үшін ризашылығын білдірді.

Ерлан Қарин: Конституциялық комиссияның құрылуы тарихи оқиға

Соңғы жаңалықтар

Эльвира Азимова Конституциялық реформаның басты мақсаты мен міндеттерін атады

Қоғам • Бүгін, 15:45

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы басталды

Қоғам • Бүгін, 15:05

Мас күйінде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 14:51

Астанада қандай жаңа экспресс-бағдарлар іске қосылады?

Елорда • Бүгін, 14:34

Нұрай ісі: Жұмыстан шығарылған полицей өз нұсқасын ұсынды

Қоғам • Бүгін, 13:58

Александр Бублик Australian Open турнирінің төртінші айналымына шықты

Спорт • Бүгін, 13:23

Өткен жылы Қостанайда 1200 адам алаяқтарға алданған

Аймақтар • Бүгін, 13:00

Кеден саласында лауазымын асыра пайдаланған Қазақстан азаматы Испаниядан экстрадицияланды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:43

МӘМС жүйесіндегі олқылықтардан кейін қорға жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:19

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтеді: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?

Ата заң • Бүгін, 12:09

Жаңаөзенде электр станциясы жаңғыртылады: Инвесторлар қандай жоба ұсынды?

Аймақтар • Бүгін, 11:47

Қазақстан – Моңғолия арасындағы тауар айналымы 500 млн долларға дейін артады

Қазақстан • Бүгін, 11:21

Павлодарда тозығы жеткен жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді

Энергетика • Бүгін, 11:00

Бүгінгі валюта бағамы қандай?

Қоғам • Бүгін, 10:42

Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қоғам • Бүгін, 10:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью