Мемлекеттік кеңесші республикалық этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесті

22.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Астанадағы Достық үйінде республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен кездесті. 

Басқосуға Зайнуддин Махусеев, Акбаржон Исмаилов, Тауфик Каримов, Наринэ Микаелян, Ахмет Мурадов, Юрий Тимощенко, Абдулла Исматуллаев, Шавкат Исмаилов, Дмитрий Останькович, Абилфас Хамедов, Виталий Тварионас, Исидор Борчашвили, сондай-ақ Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Закиржан Кузиев, Евгений Больгерт, Сергей Пономарев, Наталья Дементьева және Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қатысты. 

Кездесуде Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында айтылған бастамалар мен этномәдени бірлестіктердің елдегі саяси жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысты мәселелері талқыланды. Мемлекеттік кеңесші жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның, еліміздің орнықты дамуында маңызы зор екенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, мемлекеттік саясаттың «Бірлігіміз – әр-алуандықта» мызғымас қағидаты қоғамдық бірліктің негізі болып саналады. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшысының мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттағы бастамалары мен шешімдері, сондай-ақ Құрылтайдың бесінші отырысында айтылған ұсыныстар ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты тұтас көзқарасты қалыптастыратынын жеткізді. Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Президент бастамаларын қолдайтындарын білдіріп, алдағы реформаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екендерін айтты.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью