Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен кездесу өткізді

26.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Мемлекеттік кеңесшімен бірге өңірге Жалпыұлттық коалиция мүшелері – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Президент Телерадио кешенінің директоры Раушан Қажыбаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Индира Рыстина, театр және кино актері Асылхан Төлепов, продюсер әрі кәсіпкер Алмас Жали, Uni-Q Group медиахолдингінің бас директоры Мұхамедқали Тауан, «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Аят Сүгірбай барды.

Сапар аясындағы негізгі іс-шара – өңір активімен өткен кездесу. Оған мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында өңірдің көрнекті қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің, этномәдени бірлестіктердің, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, бизнес салаларының өкілдері, жас көшбасшылар және өзге де азаматтар бар.

Кездесу Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың баяндамасымен басталды.

Өз кезегінде, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысына және оның ел болашағы үшін стратегиялық маңызына жан-жақты тоқталды. Ол Жаңа Конституция білім беру, ғылым, инновациялар мен адам капиталын дамыту ісін басым бағыттар ретінде айқындай отырып, ел дамуына тың серпін беретінін мәлімдеді.

«Жаңа Конституция жобасында адам капиталын, білім беру ісін, ғылым мен инновацияларды дамыту мәселесі негізгі стратегиялық басымдықтар ретінде айқындалды. Осылайша, Жаңа Конституция мемлекет дамуына тың серпін береді», деді Ерлан Қарин.

Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Дания Еспаева бірпалаталы Парламент – Құрылтай құруға қатысты институционалдық өзгерістерді және оның биліктің заң шығарушы тармағын нығайтудағы, меншік құқығы мен ұлттық экономика мүддесі қорғаудағы маңызын түсіндірді. 

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев азаматтардың құқығы мен бостандығы кепілін күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және жаңа конституциялық нормаларды тәжірибе жүзінде іске асыру мәселелеріне назар аударды. Сондай-ақ Министр әділет жүйесіндегі тәуелсіз адвокатураның рөлін нығайту мәселесіне тоқталды.

Ақтөбе облысының тумасы, Еңбек Ері Аманғос Төлеуов Жаңа Конституция мазмұнының әлеуметтік бағыты мен адамға негізделген бағдарын атап өтті.

Театр және кино актері Асылхан Төлепов жаңа конституциялық нормалардың мәдениетті, шығармашылық еркіндікті және креативті индустрияны дамытуға қатысты маңызына мән берді.

Сапар аясында «Ақтөбе рельс – арқалық зауыты» кәсіпорнында теміржол саласының қызметкерлерімен кездесу өтті. Әңгімелесу барысында Ерлан Қарин Жаңа Конституция мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқығын қорғау кепілдіктерін бекіту арқылы еңбек адамының мәртебесін арттыратынын атап өтті.

Кейін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде студенттер қауымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағының негізгі жаңашылдықтарына тоқталып, мемлекеттің тарихи дамуына біртұтас көзқарас қалыптастыру жолындағы отандық ғалымдардың ауқымды әрі тыңғылықты еңбегіне назар аударды. Ол конституциялық реформа осы тарихи сабақтастықты жалғастыра отырып, мемлекеттілік құндылықтарын бекітетінін және Қазақстанды заманауи, әділетті әрі прогрессивті мемлекет ретінде одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар өңірдегі креативті сектордың өкілдерімен де кездесу өтті. Aktobe IT Hub алаңында Коалиция мүшелері мәдениет саласының, ІТ-сектордың және креативті индустрияның өкілдерімен жүздесті. Талқылау барысында адам капиталын дамыту, инновацияны қолдау және Жаңа Конституцияда ғылым, технология және шығармашылық еркіндік басымдықтарын бекіту мәселелері қозғалды.

Өңірге сапар аясында тағы бір маңызды нысан – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ. Жалпыұлттық коалиция мүшелері қала өмірінің тұрақтылығы тікелей осы ұжымның жұмысына байланысты екенін ескере отырып, қызметкерлермен кездесті.

Кездесу барысында Ақтөбе облысының тұрғындары Жаңа Конституция жобасы мемлекетті одан әрі жаңғыртуға қажет берік құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды

Барлық кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тұрғындары референдумға қатысу елдің алдағы даму бағытын қалыптастыратын маңызды қадам екенін атап өтті.

Референдум және жаңа Конституция: Халық көп жиналатын орындарда ақпараттық жұмыс жанданды

Соңғы жаңалықтар

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады

Ата заң • Бүгін, 20:50

Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды

Ауа райы • Бүгін, 20:25

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады

Білім • Бүгін, 19:52

Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері

Спорт • Бүгін, 19:35

Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті

Ата заң • Бүгін, 19:05

Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады

Ауа райы • Бүгін, 18:30

Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?

Әдебиет • Бүгін, 18:07

Отандық туризмге тартылған инвестиция 32 пайызға артты

Туризм • Бүгін, 18:02

Еліміздің маркетплейстері неге шетелдік алпауыттардан көп салық төлейді?

Бизнес • Бүгін, 17:51

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

Аймақтар • Бүгін, 17:42

Сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны рас па?

Медицина • Бүгін, 17:34

«Странджа кубогі»: Бүгін 19 боксшымыз күш сынасады

Спорт • Бүгін, 17:30

Елордада алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Ауа райы • Бүгін, 17:25

Атырауда цифрландыру және архивтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:14

Түркістан облысында су қоймаларының толу деңгейі 71 пайызға жетті

Аймақтар • Бүгін, 17:02

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью