Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) танымал комик Нұрлан Сабуровтың салық міндеттемелерін қалай орындап жүргенін айтып берді. Ведомствоның мәліметінше, артист Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Толығырақ Tengri Life материалында.
МКК ұсынған мәліметтерге сәйкес, Сабуров ЖК-ны 2023 жылғы 21 наурызда тіркеген. Кәсіпкерлік түрі - концерттік қызмет.
Салық мамандарының хабарлауынша, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелеріндегі деректер бойынша, Нұрлан Сабуров жеке кәсіпкер ретіндегі салық міндеттемелерін 2024 жылдан бастап орындап келеді.
Сабуровқа қатысты Қазақстанда салықтық әкімшілендірудің жалпы тәртібі қолданылады.
"Камералдық бақылау нәтижелері бойынша ЖК Н.А. Сабуровтың қызметінде алшақтықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары салық заңнамасында көзделген салықтық әкімшілендіру шараларын қабылдайды", - делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.
МКК сайтының соңғы деректеріне сүйенсек, Нұрлан Сабуровтың Қазақстанда салық бойынша ешқандай берешегі жоқ.
МКК тағы не айтты?Ведомство кәсіпкер ұзақ уақыт болмағаннан кейін Қазақстандағы қызметін қалай жалғастыруға болатыны туралы сұрақтарға жауап берді.
Егер ЖК жабылмаған болса, қайта тіркелудің қажеті жоқ - қажет болған жағдайда тіркеу деректерін (мысалы, мекенжайын немесе қызмет түрін) жаңарту жеткілікті.
Ал егер кәсіпкер қызметін ресми түрде тоқтатқан болса, Қазақстанда жұмыс істеу үшін ЖК-ны қайта тіркеу қажет.
Сонымен қатар МКК декларация тапсыру ережелерін түсіндірді. Егер жеке тұлға Салық кодексінде белгіленген критерийлерге сәйкес келсе (мысалы, белгілі бір шетелдік активтері, өз бетінше декларацияланатын табыстары немесе заңда көзделген басқа да негіздері болса), ол табыстары мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) тапсыруға міндетті. Жекелеген жағдайларда алдымен активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) өткізіледі.
250.00-нысан бойынша декларациялау міндеті туындаған жылдың 15 қыркүйегіне дейін, ал 270.00-нысан бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегіне дейін тапсырылуы тиіс.
Сабуровқа Ресейге кіруге тыйым салындыБиыл ақпанда танымал қазақстандық комик Нұрлан Сабуровқа 30 қаңтардан бастап Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болды. Бұл шешім "елдің ұлттық қауіпсіздігі, заңнаманы сақтау және дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қорғау мүддесі үшін" қабылданған.
Жұлдыз Дубайдағы демалыстан оралғаннан кейін Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталды. Комик Дубайға тегін депортацияланудан бас тартып, Қазақстанға өз бетінше билет сатып алды. 7 ақпан күні таңертең ол Алматыға келді.
8 ақпанда Нұрлан Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынуына қатысты пікір білдірді. Ол Instagram сторисінде бұл жағдайды жария түрде талқыламайтынын, бұл мәселемен заңгерлер айналысатынын хабарлады.
Бұған дейін желіде Нұрлан Сабуров Украинамен қақтығысқа қатысып жатқан ресейлік әскерилерге материалдық көмек көрсетті-мыс деген видео пайда болған еді. Осыған байланысты ҰҚК Нұрлан Сабуровқа қатысты тексеру бастады.
Кейінірек ресми сауалға берген жауабындаҰҚК Сабу ровқа қатысты тексеру шаралары аяқталғанын және құқық бұзушылық белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу