Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Сенбі, 27 маусым кешінен жексенбі, 28 маусым таңына дейін салық төлеушілерге арналған бірнеше қызмет қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ тарапынан 27 маусым сағат 21:00-ден 28 маусым сағат 05:00-ге дейін жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.
"Көрсетілген кезеңде заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер базасы, электрондық үкімет шлюзі, электрондық үкіметтің төлем шлюзі, Digital ID жүйелерінің мерзімді түрде қолжетімсіз болуы байқалады, осыған байланысты МКК ақпараттық жүйесінің сервистері де қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген таратылған хабарламада.
Бұған дейін жеке банк карталарына жүздеген адамнан аударым түсетін қазақстандықтарға салық қызметінен хабарламалар келе бастағаны хабарланған болатын. Ондай хат алған жағдайда не істеу керек екенін мына материалдан оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Салық қызметі қазақстандықтарға “сүйінші хат“ жолдады: не істеу керек?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу