“Мемлекеттік нөмірге қағаз жабыстырған“ туысының қалжыңы үшін қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылды

25.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жамбыл облысында мемлекеттік нөмірдегі әріпті өзгерткені үшін жүргізуші үш тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Ер адам "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тасжолында Volvo жүк көлігімен келе жатқанда, оны полиция қызметкерлері тоқтатқан. Тексеру барысында олар мемлекеттік нөмірдегі әріптің бір бөлігін жауып тұрған кішкене қағазды анықтады.

Нәтижесінде нөмірдегі "Е" әрпі сырт көзге "F" болып өзгерген. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ер адам кінәсін жоққа шығарған жоқ, бірақ мемлекеттік нөмірдегі қағазды байқамай қалғанын, оны қайын інісі қалжыңдап жабыстырып қойғанын айтты.

Сот жүргізушіні ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған үш тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қазақстандықтар мемлекеттік нөмірлерді жасырады

Жалған немесе өзгертілген мемлекеттік нөмірлер мәселесі жаппай сипат алып жатыр. Мәселен, полицияның мәліметінше. "ҚазАвтоЖол" мәліметінше, жыл басынан бері елдегі ақылы жолдарда жалған, жасырылған, өзгертілген немесе оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін пайдаланудың 1 942 дерегі анықталды.

Мамандар мұндай автомобильдер туралы мәліметтер шара қолдану үшін бірден полиция қызметкерлеріне берілетінін атап өтті.

Сондай-ақ биылғы маусым айында рейдтер барысында мемлекеттік нөмірсіз жүруді ұнататын 1,5 мыңнан астам жүргізуші ұсталды. Тағы 500 жүргізуші жалған нөмірмен жүрген.

Нөмірдің орнына “НЕТУ“ деп жазып қойған: ереже бұзған жүргізуші табылды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью