“Мемлекеттік нөмірсіз және жарқылдауық шамдармен жарыс ұйымдастырған“ Түркістан облысында 6 жүргізуші ұсталды

02.11.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әлеуметтік желіде бір топ жүргізуші жол жүру ережесін өрескел бұзған видео тарады, деп хабарлайды Tengri Auto.

Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қызметкерлер видеодағы адамдарды анықтаған. Олар 18 бен 32 жас аралығындағы алты ер адам болып шықты.

"Кейбір көліктерге заңсыз стробоскоптар орнатылғаны, ал кейбір көліктер мемлекеттік нөмірсіз жүргені анықталды. Қауіпті әрекеттің соңы 14 әкімшілік хаттама толтырумен аяқталды", - деді Түркістан облыстық ПД өкілі.

Барлық көлік айып тұрағына қойылып, стробоскоптар тәркіленген.

Полиция өкілдері ортақ пайдаланылатын жол жарысатын немесе ереже бұзатын орын емес екенін ескертті. Әлеуметтік желіде қаралым жинау әрекеті айналадағылардың өміріне қауіп төндірмеуі қажет.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью