Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы мониторинг субъектілері жүзеге асырған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы сатып алу көлемі 32,7 трлн теңге болды.
- Мемлекеттік органдар 2025 жылы 11,4 трлн теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алды. Ондағы ішкі елдік құндылық үлесі 25,7%-ды немесе 0,9 трлн теңгені құрады. Оның ішінде тауарларды сатып алу көлемі 1,5 трлн теңге болса, ондағы жергілікті қамту үлесі 34,5%-ды немесе 0,5 трлн теңгені көрсетті, - деді Олжас Сапарбеков.
Ол мемлекеттік сатып алу жүйесінде отандық өндірушілерді қолдау үшін ұлттық режимнен алып тастау шаралары қарастырылғанын атап өтті. Сондай-ақ аванстық төлемдер көлемі 30% деңгейінде белгіленіп, тауарларды жеткізу мерзімдері ұзартылды және келісімшарттар бойынша төлемді жедел жүргізу талаптары бекітілді.
Министрлік өкілдері бұл шаралардың барлығы қазақстандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын кеңейтуге және жергілікті қамту үлесін арттыруға бағытталғанын алға тартты.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв ірі шетелдік компаниялар қазақстандық қамтуды арттыруға мүдделі емес екенін айтқан болатын.