Мемлекеттік қаржыландыру тетігі бұрмаланған: Президент білім саласындағы олқылықтарды түзе…
Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласындағы қазіргі тәртіптің бұрмаланғанын және оны тез арада түзету қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ» Президенттің айтуынша, соңғы уақытта оның атына жекеменшік мектептерді қаржыландыру механизміне қатысты азаматтардан түсетін сауалдар жиілеген.
Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын жақында «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да білдірген болатын.
Оның пайымынша, білім беру саласын мемлекеттік қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі бұрмаланған және ол шұғыл түзетуді талап етеді.
Міндетті медициналық сақтандыру қоры неге Қаржы министрлігіне берілді?
Жекеменшік мектептерге жүргізілген аудит қорытындысы бойынша жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесінің кемелсіздігінен заңсыз әрі негізсіз шығындарға жол берілгені анықталды.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетігін шұғыл реформалау міндетін жүктеді.
Читать полностью
Читать новость