Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

02.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мұрат Бұхарбайұлы Қазақ мемлекеттік заң институтын «заңгер» мамандығы бойынша және Қаржы академиясын «қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің аппаратында заңгер қызметінен бастаған.

Қаржы министрлігінің құрылымында әр жылдары бас маман, бөлім және басқарма бастығы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Ішкі бақылау, Заң қызметі, Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаменттерінің директоры болған.

Тағайындалғанға дейін ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаментінің директоры қызметін атқарды.

Айта кетейік, Абай облысына жаңа прокурор тағайындалды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью