24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Жауапты мемлекет пен саналы қоғам – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы құндылықтарды берік ұстанғандар ғана өткеннен тағылым алып, болашаққа сеніммен қадам баса алады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан» газетіне берген сұхбатына пікір білдірген ғалымдар осылай дейді. Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Нәзигүл Төленбергенова келелі сұхбат Қазақстанның дамуындағы жаңа белесінің идеологиялық негізін айқындағанын айтады. Бұл бетбұрыстың басты шешімі – шындықты мойындау, жауапкершілікті бөлісу, реформадан қорықпау. Әрі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін тілге тиек етті. Мемлекет басшысы: Нағыз отаншыл азамат жұрттың алдында кеудесін соғып көпірмейді, етегі жасқа толып еңіремейді, оңды-солды сұхбат беріп ділмәрсімейді. Отаншыл болу – туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету деген сөз. Қоқысты жинау, тал егу, табиғатты аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету де – отаншылдықтың белгісі деген болатын.