Мемлекеттік қызметшілер ЖИ ді күнделікті жұмысына енгізіп жатыр

10.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Мемлекеттік қызметшілер AI Qyzmet бағдарламасы арқылы жасанды интеллектіні күнделікті қызметінде қолдануды үйренеді.

– Мемлекеттік қызметшілер үшін AI Qyzmet бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама аясында мемлекеттік аппарат қызметкерлері жасанды интеллектіні күнделікті жұмыс процесінде қолданудың негізгі сценарийлерін меңгереді, – дейді министрлік мамандары Kazinform тілшісінің ресми сауалына берген жауабында.

Бұл бастамадан квазимемлекеттік сектор да қалыс қалған жоқ.

– Квазимемлекеттік секторда AI Corporate бағдарламасы іске қосылған. Мемлекеттік органдардың қызметінде жасанды интеллект элементтерін енгізу мақсатында Ұлттық ЖИ платформасы аясында e-Gov AI, e-Otinish ақпараттық жүйесіне арналған ЖИ модульдері, 102 қызметіне арналған ЖИ-көмекші және басқа да цифрлық шешімдер кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр, – деп хабарлайды ведомства өкілдері.

Бұл бастамалар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью