Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай орталық органдар қызметшілерімен мемлекеттік қызметті дамыту бағыттарын, басым міндеттерін талқылауға арналған кездесу өткізді. Басқосуда Президенттің Ұлттық құрылтайдың V отырысында айқындаған бағдарлары аясында мемлекеттік сектордағы ұйымдастырушылық мәдениетті жаңғырту мәселелері қаралды.
Сурет: astanazan.kz
Аталған өзгерістер мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға арналған. Жиын барысында мемлекеттік қызметтің гибридті моделін енгізу, жеке және квазимемлекеттік сектордан кәсіби кадр тарту, сондай-ақ «eQyzmet» цифрлық іріктеу жүйесі арқылы ашықтық пен меритократияны күшейту жөніндегі іс-шаралар таныстырылды.
Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметші кәсіби, жауапты және қоғам сеніміне ие тұлға болуға тиіс екенін атап өтіп, ашық, әділ және адамға бағдарланған мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін қалыптастыруға белсенді қатысуға шақырды.
Сонымен қатар Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай Сенат жанындағы «Талдау мектебінің» тыңдаушыларымен кездесті. Жүздесуде мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, цифрландыру, HR-үдерістерді жетілдіру, жасанды интеллект тақырыптарын қамтыды.
Іс-шара барысында Агенттіктің мемлекеттік басқаруға заманауи технологияларды енгізу бағытындағы негізгі бастамалары таныстырылды. Әсіресе «eQyzmet» интеграцияланған ақпараттық жүйесі негізінде әзірленген мемлекеттік қызметке іріктеудің толық автоматтандырылған жаңа моделіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ қатысушыларға кадрлық әлеуетті басқаруға арналған интерактивті аналитикалық материалдар көрсетіліп, стратегиялық басқарушылық шешімдер қабылдауда деректерді талдаудың маңызы аталып өтті. Мемлекеттік басқару саласына жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған «AI зертханасының» таныстырылымы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Атап айтқанда, «Smart HR» интеллектуалды кадр іріктеу платформасының мүмкіндіктері ұсынылды.
Бұдан бөлек, Дархан Жазықбай «Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» және «Адал азамат» қағидаттарының орнығуы Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы негізгі ұстаным екенін айтып, қатысушыларды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында «Талдау мектебі» тыңдаушылары мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту, цифрлық шешімдерді енгізу және жасанды интеллектіні практикалық тұрғыда қолдану бойынша ой-пікірлерін ортаға салды.
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген
Экономика • Бүгін, 09:43
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:35
Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:23
Ауа райы • Бүгін, 09:12
Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында
Саясат • Бүгін, 09:05
Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі
Саясат • Бүгін, 09:02
Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі
Саясат • Бүгін, 09:00
Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары
Саясат • Бүгін, 08:55
Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді
Саясат • Бүгін, 08:53
Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50
Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба
Жастар • Бүгін, 08:48
Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды
Футбол • Бүгін, 08:45
Жақсылық жасау – жауапкершілік
Жастар • Бүгін, 08:43
Теңге • Бүгін, 08:40
Оқытуды жеңілдеткен платформалар
Digital • Бүгін, 08:38