Мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендер үшін қосымша ынталандыру болады

21.01.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсеткендерді қосымша ынталандыру шаралары әзірленетінін мәлімдеді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің ұлттық құрылтайдың кешегі отырысында айтқан сөздерінен кейін мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.

Заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыстар да жүргізіледі.

"Сондай-ақ, нормативтік актілергеқажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді", - деді Балаева үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетері, кешегі құрылтайда Тоқаев көшеде, көліктер мен үйдің терезелерінде Туды көргеніне қуанатынын айтты. Себебі бұл - ұлт бірлігінің көрінісі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью