Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Қазақстанның мемлекеттік сайттары не себепті уақытша істемей қалғанын түсіндірді.

Компанияның Sputnik Қазақстанға хабарлауынша, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері, оның ішінде eGov.kz мемлекеттік порталы, штаттық режимде жұмыс істеген және қазір де жұмыс істеп тұр.

Алайда компанияның мәліметінше, сыртқы интернет-трафиктің белсенділігі артқан кезде Қазақстанның интернет кеңістігін қорғау тетіктері іске қосылған. Соның салдарынан интернет желісіндегі кейбір мемлекеттік сайттар қысқа уақытқа қолжетімсіз болған.

"Қорғаныс тетіктері сыртқы белсенділікке уақтылы әрекет етіп, ұлттық цифрлық инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етті", - делінген хабарламада.

Қазір трафик қалпына келтірілген.

"ҰАТ" АҚ-ның барлық жүйесі мен инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ақау болғаны туралы ақпаратты растамаймыз", - деп атап өтті компания.

"ҰАТ" – Қазақстанның электронды үкіметінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью