Мемлекеттік сатып алу электрондық форматқа көшірілді

30.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мемлекеттік сатып алу жүйесі толығымен электрондық форматқа көшірілді.

Бұл туралы Қаржы вице-министрі мәлімдеді. Дәурен Кеңбейілдің айтуынша, электрондық портал жүйесінде 18 мың тапсырыс беруші, 120 мыңға жуық белсенді өнім беруші тіркелген. Сондай-ақ конкурсты өткізу мерзімі 60 күннен 10 күнге дейін қысқарып, шағымдарды қарау тәртібі өзгерді. Былтыр елде 1 млн-нан аса сатып алулар өткізілген. Оның көлемі 9,6 трлн теңгені құрады.

Дәурен Кеңбейіл, ҚР Қаржы вице-министрі:

- 2025 жылдың қорытындысы бойынша «бір көзден сатып алудың» көлемі жалпы сатып алулардың ішінде 24%-ды құрап отыр. 1 млн-нан артық сатып алулар өткізілген. Жалпы сатып алулардың көлемі 9,6 трлн теңгені құрады, ал тіркелген шарттар көлемі – 8,1 трлн теңге, 1 644 мың шарт жасалды. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт жасалған.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью