Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Кездесуде Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған бастамалар мен этномәдени бірлестіктердің елдегі саяси жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыруға қатысу мәселелері талқыланды.
Мемлекеттік кеңесші жүргізіліп жатқан конституциялық реформаның еліміздің орнықты дамуында маңызы зор екенін атап өтті. Ерлан Қариннің айтуынша, мемлекеттік саясаттың «Бірлігіміз – әралуандықта» мызғымас қағидаты қоғамдық бірліктің негізі болып саналады.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері Мемлекет басшысының мәдени-гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және саяси бағыттағы бастамалары мен шешімдері, сондай-ақ Құрылтайдың V отырысында айтылған ұсыныстар ел дамуының жаңа кезеңіне қатысты тұтас көзқарасты қалыптастыратынын жеткізді.
Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері Президент бастамаларын қолдайтындарын білдіріп, алдағы реформаларды іске асыруға белсенді түрде қатысуға дайын екендерін айтты.
М.ТӨЛЕУ