Мемлекеттік тапсырысқа мораторий: Жекеменшік мектептердің қаржыландырылуы түбегейлі өзгере…
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмалары шеңберінде білім беру және денсаулық сақтау салаларын қаржыландыру мәселелері түбегейлі қайта қаралатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz Фото: egemen.kz/Ерлан Омар Аида Балаева бүгінде білім беру саласында пилоттық режимде жекеменшік мектептерді цифрлық есепке алуды, негізгі процестерді автоматтандыруды және қаржы бөлу жүйесімен синхрондауды көздейтін жаңа тетік енгізілгенін атап өтті.
Нәтижесінде 785 жекеменшік мектеп толық цифрландырылды. «Бюджет қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалану үшін жаңа жекеменшік мектептерге мем
Мемлекеттік қаржыландыру енді тек өңірдегі нақты қажеттілік бар жекеменшік мектептерге ғана бағытталады.
Бұл ретте мемлекеттік мектептердің болмауы, үш ауысымды оқытуды жою және апатты мектептердің орнына жаңа білім беру нысандарының салынуы негізгі басымдық ретінде айқындалып отыр», деді Аида Балаева.
Вице-премьер білім саласына жекеменшік инвестицияны тарту үшін мемлекеттік тапсырыссыз, тек инвестициялық шығынды өтеу механизмі сақталғанын айтты.
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жекеменшік мектептерге лицензиядан кейінгі бақылау жүргізеді.
Бақылау аясында білім беру сапасының сақталуына, педагог кадрлармен қамтамасыз етілуіне және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
Читать полностью
Читать новость