Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайыт Конституцияның жаңа нұсқасында мемлекеттік тілге қатысты енгізілген өзгерістер жөнінде өз көзқарасын білдірді. Бұл туралы Qaz365.kz хабарлады.
Депутаттың айтуынша, қоғамда Конституцияның 9-бабының екінші тармағы қызу талқыланып жатқанымен, көпшілік Мәжіліс пен Ақорда қабырғасында атқарылған нақты жұмыстардан бейхабар қалып отыр.
Ринат Зайыт тіл жанашырлары түрлі айыптауларға ұшырап жатқан тұста, бір топ азаматтар Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияға бірнеше нұсқада ұсыныс жолдап, нәтижесінде 9-баптың екінші тармағына маңызды өзгеріс енгізуге қол жеткізгенін атап өтті.
«Жаңа мәтінде орыс тілі мемлекеттік тілмен тең емес, тек қатар қолданылатын болып бекітілді. Түсінген адамға бұл – аз жетістік емес. Бірақ осыны нақты жеңіске айналдыру үшін сабыр мен салқынқандылық қажет. Жетістік желігуге жол бермейді. Ал біз әлі талай белесті бағындыруға тиіспіз», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ депутат өз ойын мысал арқылы түйіндеді. Ол Наполеон Бонапарт туралы қысқа әңгімені келтіріп, «биік» пен «ұзын» ұғымдарының айырмасын астарлап жеткізді.
«Сол секілді мемлекеттік тілмен ешбір тіл тең емес, тек қатар ғана», – деп қорытындылады Ринат Зайыт.