Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
- Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен және Ұлттық банкпен келісім жасасып, деректерді басқарудың біртұтас инфрақұрылымын қалыптастыру тәсілдерін әзірлеп жатыр. Осы тапсырманы іске асыру аясында деректерді басқару жүйесін мемлекеттік деңгейде жетілдіру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Бұл ретте ведомстволар арасындағы функцияларды нақты бөлу мәселесі де қарастырылады. Сонымен қатар метадеректі жүйелеудің бірыңғай тәсілдерін енгізіп, мемлекеттік органдар терминологиясындағы айырмашылықты жою үшін ортақ глоссарий қалыптастыру жұмыстары да пысықталып жатыр, - деді Ұлттық банк агенттіктің ресми сауалына берген жауабында.
Сондай-ақ қаржы реттеушісі деректі сақтау, өңдеу және тексерудің заманауи құралдарын енгізу, барлық қатысушы органдар арасында ортақ әдіснамалық тәсілдерді қалыптастыру да жоспарларында бар екенін атап өтеді.
- Ұлттық банк қаржы нарығы бағыты бойынша мемлекеттік деректерді басқарудың тұрақты әрі тиімді жүйесін қалыптастыруға белсенді қатысып, осы секторға қатысты әдіснамалық қолдау көрсетеді,- деді орталық банктен.
Бұған дейін Президент мемлекеттік мәліметтерді басқарудың біртұтас жүйесін құруды тапсырған еді.