Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- Жасанды интеллект министрлігі мемлекеттік қызметшілер үшін қауіпсіз цифрлық жұмыс орнын құру бағытында жұмыс істеп жатыр. Аталған жұмыс ортасы күнделікті қызметтік жұмыс үшін, оның ішінде Қазақстаннан тысқары жерде толыққанды қашықтан жұмыс істеу үшін барлық негізгі құралға ие болады. Біз бұл мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырады деп санаймыз, - деді Жаслан Мәдиев.
Сонымен қатар ол биылға арналған орталық мемлекеттік органдардың негізгі міндеттері деректермен сапалы жұмыс жасау, мемлекеттік функцияларды қайта құру, жасанды интеллект, IoT-технологиялар, цифрлық егіздер мен дрондарды енгізу екенін айтты.
- Бұған дейін де әкімдіктердің байланыс инфрақұрылымы мен халықтың цифрлық кеңселері бойынша міндеттерін айтқан болатынмын. Сонымен қатар әкімдіктерге TUMO және Tomorrow School сияқты білім беру бастамаларының жиынтығымен Astana Hub үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтардың алаңын едәуір ұлғайтуды және дамытуды тапсыруды сұраймыз. Бұл орталықтар технологиялық ұлтты құру жолында жас ұрпақтар тартылатын білім ошағы болады, - деді вице-премьер.
Бұған дейін мемлекеттік органдар заңнамамен бекітілген ақпараттық қауіпсіздік талаптарын жиі бұзатынын жазған едік.