Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Шығыс Қазақстан облысының Рассыпное ауылында 19 жастағы жігіт асфальтқа граффити салуды ұйғарған. Алайда оның бұл "шығармашылығы" полицияның назарына ілігіп, соңы айыппұлға ұласты, деп хабарлайды Tengrinews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Асфальтқа сурет саламын"
Құқық бұзушылықты Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің мобильді тобы алдын алу жұмыстары кезінде анықтады.
Полицейлер сурет авторының кім екенін анықтады. Ол 19 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Сот барысында жас жігіт қара түсті аэрозольді бояумен асфальтқа әдепсіз мазмұндағы кескін мен жазу түсіріп, ортақ пайдаланылатын орынды қорлағаны анықталған.
19 жастағы "суретші" және полиция қызметкерлері. Фото: polisia.kz
Жас жігітке қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Ол өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді.
Сот оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды.
Полиция ортақ пайдаланылатын орындарды қорлау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ басшысы Ержан Сәденов Қазақстанда қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарға жазулар мен суреттер салуға тыйым салу және бұл үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыру ұсынылып жатқанын хабарлаған болатын. Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне заңнамаға тиісті өзгерістер дайындауды тапсырды.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы граффитидің жайы не болмақ: ІІМ жаңа тыйым туралы түсіндірді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу