Мен бақыттымын, біз жетеу боламыз: Қайрат Нұртастың отбасы қуанышты жаңалығын жариялады (видео)

27.02.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өткен жылғы туған күнінде күйеуі, әнші Қайрат Нұртасқа күтпеген сый жасағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса бесінші сәбиіне жүкті екенін тосынсый жасап, білдірген. Осылайша, балаларымен өткізген кеште әнші кішкентай баланың киімі мен узи фотосын көріп, қатты қуанғанын байқауға болады.

«Мен бақыттымын! Құдай қаласа біз жетеу боламыз. Мен үшін ең үлкен сыйлық. Менің қуанышымда шек жоқ. Жұлдыз, саған көп рахмет! Аллаға сансыз шүкір!», - дейді әнші видеода.

Желі қолданушылары әншінің отбасына бақыт тіледі.

«Қандай керемет көрініс», «Балаша қуанды ғой Қайрат. Бірінші рет көруім», «Бақытты болыңыздар», «Не деген күшті эмоция», деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью