Мен үшін бітім аяқталды Трамп Иран туралы мәлімдеме жасады

08.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы атысты тоқтату режимін бұдан былай күшінде деп санамайтынын және ол тараппен байланысты жалғастыруға ниетті емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Анкарадағы альянс саммиті алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рюттемен бірлескен мәлімдемесінде АҚШ президенті Иранмен атысты тоқтату келісімі енді өзі үшін күшін жойғанын айтты.

"Мен Иранмен бұдан былай істес болғым келмейді", - деді Трамп.

.

Журналистер алдында сөйлеген сөзінде Трамп Иран басшылығын келіссөздер кезінде адал болмады деп айыптап, оларды қатаң сынға алды.

"Олар - өтірікшілер. Біз келісім жасаймыз. Бәрі келіседі. Ешқандай ядролық қару болмайды. Біз келісім жасаймыз. Кейін олар баспасөзге шығып, біз бұл туралы тіпті сөйлескен де жоқпыз дейді. Оларда бір шикілік бар", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Америкалық әскерилер Иран нысандарына бірқатар соққы жасады, бұл 7 шілдеде Ормуз бұғазындағы коммерциялық кемелерге жасалған шабуылдарға жауап болды. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) америкалық әскерилердің Ирандағы 80-нен аса нысанды жойғанын хабарлады.

Бұған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылар корпусы (ИРСК) өңірдегі америкалық әскери нысандарға жасалған соққылар туралы мәлімдеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью