Мені әлдебір қылмыскер қылып қойды блогер Ерболат Жаңабылов сотта сөз сөйледі

13.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Дүйсенбі, 13 сәуірде сотта Ерболат Жанабыловтан жауап алу басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. Дүйсенбі, 13 сәуірде сотта Ерболат Жанабыловтан жауап алу басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогер автокөлік ұтыстары, сондай-ақ қылмыстық тергеу мен қазіргі сот процесіне дейін болған оқиғалар туралы айтып берді. Еске сала кетейік, бұған дейін Жанәбіловтерге қатысты істі әкімшілік сот қараған болатын.

"Жеті ай бойы үндемедім..."

Жанәбіловтің айтуынша, ол бастапқыда әкімшілік процеске қатысуды жоспарламаған, бірақ адвокаты сотқа жеке қатысу қажеттігін алға тартқан көрінеді. Сондай-ақ ол сотта сөйлеуге дайын болмағанын және болып жатқан жайттарды толық түсінбегенін жеткізді.

"Біз бұл әкімшілік сотқа бардық, мен тіпті ол жерде сөйлейтінімді білген жоқпын. Маған ештеңе айтқан жоқ, ештеңені түсінбедім, мені дайындамады. Жеті ай бойы үндемедім", - деді ол.

Жанәбілов олардың ісіне қатысты қоғамдағы резонанс туралы да эмоциясын көрсетіп, пікір білдірді.

"Құрметті сот, мен өз ойымды айтқым келеді. Халқымның, бүкіл Қазақстанның алдында келеке-мазақ болып, мына жерде жауап беріп тұрғым келмейді. Мені бейне бір адам өлтірген қылмыскердей көрсетіп жатыр. Барлық жерде у-шу, жала - журналистер бізді өздері қалағандай етіп көрсетіп жатыр", - деді блогер.

"Неге қылмыстық іс?"

Сонымен қатар Жанәбілов Дархан Жолшыбеков пен Justking деген атпен танымал Нұрбек Нұртазаны мысалға келтірді. Оның айтуынша, бұл блогерлерде де ұқсас жағдайлар болған, бірақ олар тек әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Дарханның өзі оған әкімшілік айыппұл салынғанын айтты. Ол сотқа өзі барған жоқ, адвокаты сөйлеп, шағымданып, апелляция берді. Бірақ қылмыстық іс болған жоқ. Ал неге бізде бұлай болып жатыр және неге қылмыстық іс қозғалды? Заң бәріне ортақ, жағдай бірдей сияқты, бірақ мені қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр", - деді ол.

Блогер заңгерлік білімі жоқтығын және көп жағдайда бұрынғы адвокаты Олег Черновтың кеңестеріне сенгенін қосып өтті.

"Тіпті коммуналдық қызметтерді де әйелім төлейді"

Сондай-ақ сотталушы ерлі-зайыпты лотерея өткізген Zhana Business компаниясының қаржылық немесе құқықтық мәселелеріне ешқандай қатысы жоқтығын және онымен айналыспайтынын мәлімдеді.

"Мен қағаз жұмыстарын білмеймін. Тіпті тұрмыстық мәселелерде коммуналдық қызметтерді де сол (әйелі - ред. ескертпесі) төлейді. Мен артық бір нәрсені басудан, қол қоюдан қорқамын. Менің бұған қатысым жоқ", - деді ол сотқа.

Жанабылов ЖШС құрылтайшысы оның жұбайы Эльмира Төлегенова екенін, ал өзі компанияда ешқандай лауазым атқармайтынын нақтылады.

Сот талқылауы жалғасып жатыр.

Блогер Жанәбіловтердің соты

16 наурызда Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Ерлі-зайыпты сот отырысы кезінде журналистердің видеоға және суретке түсіруіне қарсы шықты.

"Үлкен балам мектепке барады, балама жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп Төлегенова мұндай шешімнің себебін журналистерге түсіндірді.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Онда акциялар аясында көрсетілген ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынғаны, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.

Айта кетейік, блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью