Мені МузАРТ қа Мақсат ұсынған : Сәкен Майғазиев топқа қалай келгенін айтты (видео)

08.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әнші Сәкен Майғазиев «МузАРТ» тобы қалай құрылғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, топқа қосылу туралы алғашқы ұсынысты Мақсат Базарбаев айтқан. Әнші Мейрамбек Бесбаевпен танысқан сәтін еске алды.

«Топқа қосылуды Мейрамбек пен Мақсат ұсынды. Мейрамбекті кездейсоқ көріп қалдым көшеден. Ол кезде мейрамханаларға ән салып жүрген едім, студентпін. Көкбазардың қасында автобус аялдайтын жерден таңғы сегізде Мейрамбек өтіп бара жатыр. Айқайладым, сөйтіп жанына бардым. Мейрамбек «Сені іздеп жүргенімізге қанша болды» деді. Ол кезде телефон жоқ, пәтерден-пәтерге көшіп жүрген кезіміз. Сосын кешке мейрамханаға барып, топ құру туралы идеясын айтты. Олар негізі Саят Медеуовті алғысы келген. Мақсат дауысы ашық деп, мені ұсыныпты. Бірақ үшеуіміз бір-бірімізге ұқсамауымыз керек, үш түрлі дауыс болуы қажет деген шешімге келіп, мені таңдаған», - дейді әнші «Хабар» арнасына берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью