Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Әлеуметтік желілерде бала кезінде шетелдік отбасы асырап алған қазақстандық қыз Кристаның хикаясы қызу талқыланып жатыр. Арада жылдар өткен соң ол өзінің биологиялық ата-анасын іздеуге бел буған. Криста көмек сұраған жазбасын Facebook желісіндегі Kazakhstan Adoption тақырыптық қауымдастығында жариялады, деп хабарлайды Tengri Life.
Әлеуметтік желілерде бала кезінде шетелдік отбасы асырап алған қазақстандық қыз Кристаның хикаясы қызу талқыланып жатыр. Арада жылдар өткен соң ол өзінің биологиялық ата-анасын іздеуге бел буған. Криста көмек сұраған жазбасын Facebook желісіндегі Kazakhstan Adoption тақырыптық қауымдастығында жариялады, деп хабарлайды Tengri Life.
Қыз туралы не белгілі?Қыз Facebook парақшасындағы жазбасында 2003 жылы Қазақстанда дүниеге келгенін айтты.
"Сәлем! Менің есімім Криста, мені 2004 жылы Оралдан (Қазақстан) асырап алды. Мен 2003 жылы туғанмын, туған кезде маған Ғабдрахманова Айнұр Ниязбекқызы деген есім берілген. Сондай-ақ биологиялық анамның есімі Нұргүл екені белгілі. Биологиялық ата-анам туралы кез келген ақпарат үшін өте риза болар едім", - деп атап өтті Криста.
Скриншот: Facebook
Желі қолданушыларының реакциясыЖазба желі қолданушыларының назарын тез аударды. Пікір қалдырушылар көмек ұсынып, тегі бойынша сәйкестіктерді іздестіре бастады және іздеуді тағы қай жерлерде жалғастыруға болатыны туралы кеңес берді.
Кейбіреулер құжаттарда тегінің жазылуынан қате кеткен болуы мүмкін деген болжам жасаса, енді бірі Орал тұрғындары арасынан ұқсас аты-жөні бар адамдарды тапты.
"Сәлем, Криста! Біз, Қазақстан тұрғындары, саған сәттілік тілейміз!", "Мүмкін Ғабдрахманова емес, Әбдірахманова шығар? Іздеп көрсек, Оралдан бір адам шығып тұр", "Анасын табады деп үміттенемін", "Табылсын!" - деп жазды желі қолданушылары.
Кристаның өзі әзірге туыстарының ізіне түсе алған-алмағаны туралы хабарлаған жоқ, бірақ биологиялық анасын таныған немесе оның отбасы туралы қандай да бір ақпарат білетін жандарды табудан үмітін үзбейтінін айтты.
Айта кетейік, осыған ұқсас іздеуді Николас Пикколо (туған кездегі аты - Руслан Өмірзақов) да жариялаған болатын. Ол 1998 жылы 26 қарашада Қарағандыда дүниеге келген және сәби кезінде жергілікті "Малютка" (ықтимал атауы - "Шапағат") балалар үйінде болған. Ер адам туғандарын іздеп жатқаны туралы оның жұбайы Шанель айтып берді.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу