Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Әнші Өмірқұл Айниязов Kezdesu ютуб арнасына берген сұхбатында отбасы құндылығы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі отбасында ең алдымен махаббат, одан кейін сыйластық болуы керек деп есептейді. Әнші ұзақ уақыт бала сүйе алмаған кезде басқа әйел алу туралы ой келгенін жасырмады. Бірақ алдымен жалғыз баласының жағдайын ойлаған.
«Кейбіреулер 4-5 баласымен ажырасып жатады, біз 1 баламен ажырасуға жүрегіміз дауаламады. 21 жыл бойы балалы бола алмай жүрген кезде адамның басына неше түрлі ой келеді. Мен де «Мүмкін басқа әйел алу керек шығар» деп ойладым. Бірақ жалғыз баламның көзі мөлдіреп басқа жақта жүргенін елестете алмадым. Адамның жүрегіне, табиғатына байланысты шығар. Менің жүрегім ондайға дауаламады», — дейді ол.
Әнші кейінгі екі баласы ЭКО арқылы дүниеге келгенін айтты. Сонымен қатар сәби сүюді аңсаған отбасыларға уақытты өткізбей, ертерек мамандарға жүгінуге кеңес берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.