Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мерцтің мәліметінше, 14 жастағы неміс жасөспірімдері күніне 5 сағатқа дейін немесе одан да көп уақыт экран алдында өткізеді.
Оның айтуынша, бұл қарым-қатынас жетіспеушілігі мен әлеуметтік мінез-құлық мәселелеріне әкеледі.
Канцлер жалпы шектеулерге скептикалық көзқараста екенін атап өтті, бірақ балалардың қауіпсіздігі маңыздырақ деп есептейді.
Бұған дейін 14 жасқа дейінгі балалар үшін әлеуметтік желілерді толық шектеуді Германияның Социал-демократиялық партиясы қолдаған.
Сонымен қатар, Социал-демократиялық партиясы 14–16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін арнайы әлеуметтік желі нұсқаларын енгізуді ұсынған.
Федералдық министрлік өкілі, Штефани Хубиг балалар мен жасөспірімдердің кибербуллинг, үнемі салыстыру және жасанды сұлулық идеалдарына ұшырамай өсуі керек екенін мәлімдеді.
Жасы бойынша әлеуметтік желілерге шектеу қоюды Христиан-демократиялық одақтың басқа да мүшелері қолдады.
Мысалы, Шлезвиг-Гольштейн және Солтүстік Рейн–Вестфалия федералдық жерлерінің премьер-министрлері Даниэль Гюнтер және Хендрик Вюст. Социологиялық сауалнамаларға сәйкес, Германия тұрғындарының көпшілігі 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін әлеуметтік желілерді шектеуді қолдаған.
Айта кетелік Ұлыбританияда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салынбақ.