Мерц, Макрон және Стармер Зеленскиймен Украина мәселесін телефон арқылы талқылады

22.11.2025

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Германия Федеративтік республикасы канцлері Фридрих Мерц, Франция президенті Эммануэль Макрон және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Оолар АҚШ-тың Украинадағы бейбіт келісімге келу әрекеттерін құптады, деп хабарлады ГФР үкіметінің өкілі Штефан Корнелиус. Бұл туралы РИА новости жазды.

"Олар (еуропалық көшбасшылар - ред.) Украинаны берік және әділ бейбітшілікке жету жолында өзінің тұрақты және толық қолдауына сендірді", - деді Корнелиус БАҚ-қа.

Әңгіме барысында мемлекет басшылары АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты аяқтау жөніндегі күш-жігерін құптады, деді ол.

"Мемлекет пен үкімет басшылары АҚШ-тың Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі күш-жігерін құптады. Атап айтқанда, олар Украинаның егемендігін мойындауды және Украинаға сенімді қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын екендігін құптады", - деді ГФР үкіметінің өкілі.

Тараптар Украинадағы бейбіт реттеу мәселесі бойынша бір-бірімен, сондай-ақ басқа еуропалық серіктестермен және Вашингтонмен өзара тығыз әріптестік туралы келісті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью