Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
2027 жылы қазақстандықтар демалысын мемлекеттік мерекелермен және демалыс күндерімен алдын ала үйлестірсе, демалыс уақытын ұзарта алады. Бірақ ескеретін жайт бар: ұзақ демалыс әмияныңызға әрдайым тиімді бола бермейді, ал демалыс ақысының көлемі таңдалған айға байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Tengri Life тілшісі бухгалтер Анастасия Бузлаевамен бірге демалысты қашан жоспарлаған дұрыс және ақшадан қалай ұтылмауға болатынын анықтады.
2027 жылы қашан ұзағырақ демалуға болады?
Негізгі қағида қарапайым: егер демалысты мереке күндеріне жалғасаңыз, жыл сайынғы еңбек демалысы күндерін аз жұмсай отырып, көбірек үзіліссіз демалыс алуға болады.
Қазақстанның Еңбек кодексіне сәйкес, демалыс кезіне келетін мереке күндері оның ұзақтығына есептелмейді. Бұл ретте сенбі мен жексенбі ескеріледі. Сондықтан дұрыс таңдалған күндер демалысты қосымша күн шығындамай ұзартуға көмектеседі.
2027 жылдың қай айлары ұзақ демалысқа қолайлы? Наурыз - Наурыз мейрамы және басқа да мерекелер8 наурызда - Халықаралық әйелдер күні, 15 наурызда - Конституция күні және 21–23 наурыз аралығында Наурыз мейрамы атап өтіледі. Осы күндердің орналасуын ескере отырып, демалыс үшін ыңғайлы кезеңді таңдауға болады. Демалыс күндерінің жалпы саны ресми ауыстырылған күндерге байланысты болады.
Мамыр - бір жарым аптада үш мереке1 мамырда - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, 7 мамырда - Отан қорғаушы күні және 9 мамырда- Жеңіс күні атап өтіледі. Егер демалысты осы күндермен үйлестірсеңіз, ұзақ мерзімді демалыс жоспарлауға болады.
Қаңтар - қысқы сапарға арналған нұсқаЖыл басында 1 және 2 қаңтар, сондай-ақ 7 қаңтар - Рождество мереке күндері саналады. Демалысты жоспарлағанда бұл күндерді де ескеруге болады.
Өзге нұсқалар: 6 шілде - Астана күні, 25 қазан - Республика күні және 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.
Анықтама: 2027 жылға арналған демалыс күндерін ауыстыру күнтізбесі түзетілуі мүмкін. Сондықтан демалысқа өтініш бермес бұрын бекітілген өндірістік күнтізбені тексеріп алған жөн.
Қай айда демалыс алған тиімді?Ең ұзақ демалыс және ең жоғары демалыс ақысы екі бөлек нәрсе.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, демалыс ақысы қызметкердің орташа жалақысы негізінде есептеледі. Әдетте, бұл үшін демалыс алдындағы 12 айдағы табыс, сондай-ақ жұмыс істеген уақыт ескеріледі.
Сондықтан барлық қызметкерге бірдей тиімді болатын нақты бір айды атау мүмкін емес. Лауазымдық жалақы бірдей болса да, демалыс ақысының сомасы әртүрлі болуы мүмкін.
Қорытынды сомаға әсер етеді:
Айдағы жұмыс күндерінің саны. Жұмыс істеген уақытқа төленетін жалақы мен демалыс ақысының арақатынасы осыған байланысты. Былтырғы табыс. Сыйақылар, жалақының өсуі және басқа да төлемдер орташа табысқа әсер етуі мүмкін.Сондықтан демалыс ақысы бәріне бірдей максималды болатын ай жоқ. Егер бірнеше нұсқаны салыстырғыңыз келсе, бухгалтериядан әрқайсысы үшін төлемдерді алдын ала есептеп беруін сұраңыз.
Қайсы тиімді: 14 күн бе, әлде 24 күн бе?Еңбек кодексінің 88-бабына сәйкес, егер заңнамада немесе еңбек шартының талаптарында көбірек көзделмесе, негізгі ақылы жыл сайынғы еңбек демалысы кемінде 24 күнтізбелік күн болады. Бұл ретте 92-бап бойынша жұмыс берушімен келісе отырып, демалысты бөлуге рұқсат етіледі. Бірі бөлігі кемінде 14 күнтізбелік күн болуы тиіс.
Екі нұсқаның да артықшылықтары бар. 24 күндік демалыс ұзақ сапар жоспарлағандарға немесе жұмыстан толық тыныққысы келетіндерге қолайлы. Егер оны бөлсеңіз, жыл бойына мерекелер мен демалыс күндерімен ұштастырып, бірнеше шағын үзіліс жасауға болады.
Бұл ретте демалысты бөлу төлем көлемін арттырмайды. Таңдауды өз жоспарыңыз бен жыл бойы демалысты қалай бөлу ыңғайлы екеніне қарай жасаған жөн.
Мереке күндері демалысты ұзарта ма және демалыс ақысына әсер ете ме?Иә, жыл сайынғы ақылы демалысқа келетін мереке күндері оның ұзақтығына қосылмайды. Бұл ереже жұмыс режимі мен ауысым кестесіне қарамастан қолданылады.
Бірақ маңызды жайт бар: мереке күні демалысты ұзартады, бірақ қосымша ақы төленетін демалыс күні болып саналмайды.
Төлемдерді есептеу кезінде орташа жалақыны есептеудің жеке ережелері қолданылады. Сондықтан екі жағдайды ажырата білу маңызды: демалыста қанша күн өткізесіз және қандай сома аласыз.
Егер демалыс кезінде ауырып қалсаңыз, күндерді ауыстыруға болады, бірақ еңбекке жарамсыздық парағы болуы тиіс.
2027 жылы демалыс күндерін қалай таңдау керек: жоспарҚолайлы күндерді таңдау үшін қарапайым жоспар бойынша әрекет етіңіз:
Мемлекеттік мерекелер мен ресми демалыс күндерінің ауыстырылу кестесін тексеріңіз. Демалысқа шығудың бірнеше ықтимал кезеңін таңдаңыз. Әр жағдайда қанша күн үздіксіз демалуға болатынын есептеңіз. Бухгалтерияның көмегімен әртүрлі кезеңдегі демалыс ақысының мөлшерін салыстырыңыз. Күндерді жұмыс берушімен келісіңіз.Демалыс кезектілігі жұмыс беруші қызметкерлердің пікірін ескере отырып бекітетін кестемен немесе тараптардың келісімі бойынша кестеден тыс анықталады.
Бухгалтер кеңесіБухгалтер Анастасия Бузлаеваның айтуынша, қаржылық тұрғыдан демалысты жұмыс күндері көп айларға жоспарлаған тиімді. Сондай-ақ жалақы көтерілгеннен және тұрақты сыйақы алғаннан кейін демалысқа шығу тиімді: бұл демалыс ақысы есептелетін орташа табысты арттыруы мүмкін. Мысалы, егер лауазымдық жалақы наурызда көтерілсе, демалыс осы өсімнен кейін басталып, ол есептік кезеңге әсер етсе, демалыс ақысы жоғары болуы мүмкін.
Бұл ретте мереке күнтізбесін де ескеру қажет. Бухгалтердің сөзінше, жыл сайынғы еңбек демалысы кезеңіне сәйкес келетін мереке күндері үшін ақы төленбейді және олар демалыс ұзақтығына қосылмайды. Мұндай демалыс қаржылық жағынан тиімсіз болып саналады.
Демалыс ақысын өз бетінше қалай есептеуге болады?Демалыс ақысының шамамен қанша болатынын алдын ала білу үшін кейінгі 12 күнтізбелік айдағы орташа табысты есептеу керек.
Мысалы, егер қызметкер 2026 жылдың қарашасыннда демалысқа шығуды жоспарласа, демалыс ақысын есептеу үшін оның кейінгі 12 күнтізбелік айдағы - 2025 жылдың қарашасынан 2026 жылдың қазанына дейінгі табысы ескеріледі.
Анастасия Бузлаеваның айтуынша, осы кезеңдегі жалпы табыс жұмыс істеген күндер санына бөлінеді. Шыққан орташа күндік сомма демалысқа келетін жұмыс күндерінің санына көбейтіледі.
Мысалы, егер демалыс 9 қараша мен 25 қараша аралығына жоспарланса, ол 17 күнтізбелік күн болады. Алайда демалыс ақысын есептеу кезінде осы кезеңге түсетін жұмыс күндері ғана ескеріледі. Бухгалтер келтірген мысалда бұл - 13 жұмыс күні.
Егер еңбекақы төлеу жүйесінде қарастырылса және орташа табысты есептеу ережелеріне сәйкес келсе, есепке тұрақты сыйақылар мен бонустар қосылуы мүмкін.
Қорытынды сомаға қызметкер жұмыс істемеген кезеңдер де әсер етеді. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төленген күндер және тиісті төлемдер белгіленген тәртіппен орташа табысты есептеуден шығарылады. Алдыңғы демалыс кезеңдері де дәл осылай ескеріледі. Сондықтан демалыс ақысының мөлшері айлық жалақыдан өзгеше болуы мүмкін.
Сонымен қатар бухгалтер демалыс айындағы жалпы табыс пен әдеттегі жұмыс айындағы табыстың айырмашылығы әрдайым үлкен бола бермейтінін атап өтті: бәрі жұмыс күндерінің санына, орташа табыс көлеміне және тұрақты қосымша төлемдерге байланысты.
Сондай-ақ қызметкер есептеулердің дұрыстығын тексеру үшін бухгалтериядан демалыс ақысының егжей-тегжейлі есебін сұратуға құқылы. Анастасия Бузлаеваның айтуынша, бухгалтер танысу үшін есептеу парағын беруден бас тартпауы тиіс.
Қорытынды: 2027 жылы демалысты қашан алған дұрыс?Егер ұзағырақ демалуды қаласаңыз, ең алдымен наурыз бен мамырға назар аударыңыз - бұл айларда бірнеше мереке бар. Қысқы саяхатқа қаңтарды, ал қысқа демалысқа жекелеген мемлекеттік мерекелері бар айларды қарастыруға болады.
Егер басты мәселе демалыс ақысының көлемі болса, күнтізбеге ғана сүйенбеңіз. Бірнеше кезең бойынша есептеулерді салыстырыңыз: бұл нақты сіздің жағдайыңызда қай нұсқа тиімді екенін түсінуге көмектеседі.
Бұған дейін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірнеше айға созылуы мүмкін бе деген тақырыпта жазған едік. Мұндай сұраққа 140 күн демалыс жинап алғанын және енді оны пайдалануы керек екенін хабарлаған қызметкердің жазбасы себеп болды.
Айта кетсек, демалыс кезінде ауырып қалу - жиі кездесетін жағдай, бірақ көпшілік мұндайда не істеу керек екенін білмейді. Демалысты ұзартуға, күндерді ауыстыруға және ақшадан ұтылмауға бола ма - мына материалдан оқыңыз.
Ал әріптесіңіз еңбек демалысына немесе еңбекке жарамсыздығына байланысты демалысқа шығып, оның жұмысы сізге жүктелді ме? Енді мұндай міндеттер үшін қосымша ақы төленуі тиіс. Еңбек кодексіне қандай өзгерістер енгізілді, қосымша төлемді қалай талап ету керек және жұмыс беруші бас тартқан жағдайда қайда шағымдануға болады - мына жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу