Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Салтанатты жиында өңір басшысы жиналған жұртшылықты ауыл балаларының жарқын болашағына жол ашатын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, білім – ел дамуының тұғыры екенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осындай құрмет білім ұясын сапалы, өз уақытынан кешіктермей салып, ел игілігіне берген мердігер мекеме «Бақ-береке» серіктестігінің мамандарына да көрсетілді.
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова елімізде жүзеге асырылып жатқан білім беру жобаларына тоқталып, Сыр өңіріндегі серпінді жұмыстарды жоғары бағалады.
«Келешек мектептерінің» стандартымен салынған осы білім ұясы халықаралық талаптарға сай мектептің ауылға да жеткенінің куәсі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздарға деген қамқорлығы ерекше, соның арқасында мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесі арта түсті. Осының арқасында бүгінде педагог мамандығы еліміздегі ең тартымды мамандықтардың біріне айналды. Жаңа мектептің ұжымын, оқушыларды, ата-аналарды бүгінгі қуанышымен құттықтаймын», деді министр.
Жалпы, былтыр Арал ауданында 4 мектеп пайдалануға берілсе, биыл осындай жаңалық шалғай ауыл саналатын Мергенсайда болып отыр. Бұрын бір қабатты, ескі ғимаратта оқып келген елді мекен балаларына жаңа үлгімен бой көтерген білім ошағы естен кетпес ерекше тарту болды.
«Өткен жылы қолданысқа берілген 4 мектептің екеуі – «Келешек мектебі». Ал 686 тұрғыны бар Мергенсайда осындай үлгіде білім ошағының бой көтеруі мемлекеттің білім саласына аса маңыз беріп отырғанын көрсетеді. Сонымен қатар былтыр ғасырдан астам тарихы бар №14 мектеп күрделі, тағы 4 мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді. Биыл Сапақ ауылында да мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр», дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова.
Сала министрі осы сапарында Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицей жұмысымен де танысты. «Қазақстан халқына» қоры бұл оқу ордасына 245 млн теңге көлемінде қаражат бөліп, пәндік және шығармашылық кабинеттер толық жабдықталған. Қор қолдауымен инновациялық обсерватория, зымыран үлгілеу, STEM, химия, биология, роботтехника, математика, физика, география, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия орнатылып, мектептің материалдық-техникалық базасы жаңарды.
Мұндай қолдаулар ауыл мен қала арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты азайтып, әрбір балаға тең мүмкіндік жасауға негіз болады.
Қызылорда облысы,
Арал ауданы
Соңғы жаңалықтар
Теннис • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Тарих • Бүгін, 08:05
Келешек мектептері • Бүгін, 08:00
Келешек мектептері • Бүгін, 07:55
Білім • Бүгін, 07:45
Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады
Өшпес даңқ • Кеше
Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс
Қоғам • Кеше
Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді
Қоғам • Кеше
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы
Қоғам • Кеше
Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы
Құрылтай • Кеше
Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау
Қоғам • Кеше
Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады
Ата заң • Кеше
С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі
Экология • Кеше
Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі
Ата заң • Кеше