Меруерт Өтекешова: Махаббаттың тірегі адалдық, ізгілік, мейірім

15.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Қыз Жібек» фильмі арқылы қазақ қыздарының сұлулығы мен адалдығының жарқын бейнесіне айналған әртіс жастарға мәңгілік махаббат тілеп, сезімге адал болуға шақырды.

– Құрметті жастар, мен сіздерді өте жақсы көремін. Сіздер үшін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күні болса, мен үшін «Қыз Жібек – Төлеген» күні. Махаббаттың тірегі – адалдық, ізгілік, мейірім. Біз махаббатқа сенуіміз керек. Романтикасыз махаббат болмайды. Сондықтан жастарды романтик болуға шақырамын. Махаббатсыз өмір жоқ, өнерсіз өмір жоқ. Баршаңызға үлкен бақыт, мәңгілік махаббат тілеймін, – деді Меруерт Өтекешова.

Фото: Kazinform / Ризабек Нүсіпбек

Айта кетейік, Қазақстанда 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні ретінде аталып өтеді. Бұған дейін ұлт тарихындағы ұлы ғашықтар туралы, әлем елдеріндегі махаббат мерекелері жайында жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью