Месси Алтын доптың басты үміткерлерінің қатарына енді

17.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: Getty Images

Goal.com порталының жаңартылған рейтингінде 39 жастағы Месси екінші орынға көтерілді. Осыдан бір апта бұрын ол бесінші орында тұрған болса, әлем чемпионаты басталғанға дейін алғашқы ондыққа да кірмеген еді.

Сарапшылар рейтингтің өзгеруін әлем чемпионатының нәтижелермен байланыстырады. Аргентина құрамасы мундиальдың жартылай финалында Мессидің дәл пастары арқылы гол санын еселеп, Англиядан басым түссе, Испания құрамасы турнир фавориттерінің бірі Франциядан айласын асырып, финалға жетті.

Месси 5 айлық Ямалды шомылдырған: Әлеуметтік желіде тарихи сурет тарады

Қазіргі таңда рейтингтің көшін Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн бастап тұр. Ол клубтық деңгейде нәтижелі маусым өткізгенімен, ұлттық құрамасын әлем чемпионатының финалына шығара алмады.

2026 жылғы «Алтын доп» фавориттері:

Харри Кейн («Бавария», Англия) Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина) Ламин Ямаль («Барселона», Испания) Майкл Олисе («Бавария», Франция) Килиан Мбаппе («Реал», Франция) Усман Дембеле («ПСЖ», Франция) Хвича Кварацхелия («ПСЖ», Грузия) Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия) Луис Диас («Бавария», Колумбия) Витинья («ПСЖ», Португалия)

Үздік ондықтағы футболшылардың арасында «Алтын доп» жүлдесін бұған дейін тек Лионель Месси мен Усман Дембеле ғана иеленген. Дембеле өткен маусымда УЕФА Чемпиондар лигасы мен бірге Франция чемпионаты мен кубогын жеңіп, требл арқылы трофейге жетті.

Ал Месси қазіргі таңда бұл марапатты ең көп жеңіп алған ойыншы ретінде көш бастап тұр. Ол футболшылардың ең жоғары марапатын 8 мәрте жеңген.

Месси әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты

Биылғы марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Салтанатты кеш «Алтын доп» сыйлығының 70 жылдығына орай ұйымдастырылады.

Еске сала кетейік, 19 шілдеден 20-на қараған түні төртжылдықтың басты чемпиондары анықталады. Әлем чемпионатының финалында Испания мен Аргентина кездеседі. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью