Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Аргентина ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған алдын ала кеңейтілген құрамын жариялады. Тізімге 55 футболшы енген, олардың көшін команда капитаны Лионель Месси бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Аргентина футбол қауымдастығының (AFA) мәліметінше, бас бапкер Лионель Скалони ФИФА-ға ресми түрде алдын ала өтінім тізімін жолдаған. Негізгі құрам тізіміне енген ойыншылар Еуропаның жетекші чемпионаттарында өнер көрсетеді.
Құраманың негізгі ойыншылары қатарында:
Қақпашылар: Эмилиано Мартинес («Астон Вилла») және тағы бес қақпашы.Қорғаушылар: Лисандро Мартинес («Манчестер Юнайтед»), Николас Отаменди («Бенфика»), Кристиан Ромеро («Тоттенхэм»), Леонардо Балерди, Факундо Медина («Марсель»).
Жартылай қорғаушылар: Энцо Фернандес, Алехандро Гарначо («Челси»), Эксекиэль Паласиос, Игнасио Фернандес («Байер»), Алексис Мак Аллистер («Ливерпуль»), Николас Гонсалес, Тьяго Альмада («Атлетико»).
Аргентина құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын. Финалда олар Францияны пенальти сериясында ұтып, алтын медаль иеленген еді. Айта кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ; Канада, Мексика елдерінде өтеді. Бұған дейін алдағы Әлем чемпионатында жеңімпаздыққа үміткер фаворит командалар туралы жазған едік.
Нұрболат АМАНБЕК
Соңғы жаңалықтар
Кеміргіштерден келетін қауіп: Хантавирустың алғашқы белгілері қандай?
Қоғам • Бүгін, 09:57
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:37
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:30
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Теннис • Кеше
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
Ауа райы • Кеше
Мажарстан Премьер-министрі Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірген хат жолдады
Президент • Кеше
Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Францияда хантавирус жұқтырған алғашқы адам анықталды
Әлем • Кеше
Хантавирус тіркелген лайнер жолаушылары АҚШ-қа оралды
Әлем • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Елордада бірқатар автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
Елорда • Кеше
Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Кеше
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Кеше
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Кеше