Месси пенальтиден мүлт кеткенімен, Аргентина жеңісті жұлып әкетті

07.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АҚШ-тың Атланта қаласында өткен кездесуде оңтүстікамерикалық команда матч барысында 0:2 есебімен жеңіліп жатып, керемет камбэк жасап, жеңісті жұлып алды.

Египет құрамасынан голды алғашқы голды ойынның 15-ші минутында Хессем Хассан соқты. Екінші таймның 67-ші минуттта Мостафа Зико есепті еселеді.

Алайда Аргентина есеп айырмасын теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Кристиан Ромеро, Лионель Месси және Энцо Фернандес гол соқты. 

Айта кету керек, матчтың 21-минутында Аргентина капитаны Лионель Месси пенальтиді мүлт жіберді. Осылайша ол әлем чемпионаттары тарихында бір турнир барысында екі пенальтиді голға айналдыра алмаған алғашқы футболшы атанды.

Соған қарамастан, Месси бұл матчта гол соғып, 2026 жылғы әлем чемпионатындағы гол санын сегізге жеткізді. Ол сұрмергендер тізімінде Килиан Мбаппе мен Эрлинг Холандты (екеуі де – 7 гол) басып озды.

Бұдан бөлек, Месси әлем чемпионаттарындағы жеке рекордын жаңартып, финалдық кезеңдердегі 21-голын кіргізді.

Енді Аргентина ширек финалда Швейцария - Колумбия жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью