Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Отырыс барысында инновациялық технологияларды енгізуді көздейтін металлургия саласындағы жаңа жобалар қаралды. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында заманауи технологиялық шешімдерді қолдану арқылы таза катодты мыс өндіруге бағытталған жоба, сондай-ақ Қарағанды облысында салынатын вольфрам кенін өңдеу және шикізатты гидрометаллургиялық өңдеудің инновациялық технологияларын қолдану арқылы аммоний паравольфраматын өндіру жобасы талқыланды.
Нұрлыбек Машбекұлы бұл жобаларды іске асыру елдің экспорттық себетін әртараптандыру, шикізатты ел ішінде терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары өнім өндіру сияқты жоғары мультипликативтік әсерге ие екенін атап өтті.