Металмен жұмыс кезінде тоқ соққан : Көкшетаудағы қайғылы оқиғаның мән жайы жарияланды

25.07.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Көкшетауда тоқтан қайтыс болған 18 жастағы бозбаланың өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұған дейін 18 және 17 жастағы екі жігітті "металмен жұмыс істеп жатқанда" тоқ соққаны туралы ақпарат тараған болатын.

Жұмыс кезінде қатты жел соғып, металл электр желісіне құлаған. Салдарынан екеуін де тоқ соққан. 18 жастағы бозбала қайтыс болды, екіншісі жан сақтау бөліміне түсті. Almaty.tv арнасы таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға көлік жуу орнында болған.

"18 жастағы жұмысшы және оның көмекшісі металл конструкцияларын бұзған. Сол кезде конструкциялардың біреуі байқамай, жоғары кернеулі электр сымына тигізіп алды. Бозбаланың біреуін қатты тоқ соққан. Ол оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

17 жастағы бозбала жан сақтау бөлімінен шықты. Қазіргі кезде ауруханада ем-дом алып жатыр. Ал полиция қылмыстық іс қозғады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью