Метрополитен ісі: 127 млн теңге жасырылған шоттардан табылды

27.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көрнекі сурет

Алматы қаласында метрополитенді салу және жабдықтауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша мемлекетке қосымша қаражат өндірілді.

Тергеу мәліметінше, «Метрополитен» КМК-ның лауазымды тұлғалары мердігер ұйымдардың басшыларымен және қызметкерлерімен алдын ала сөз байласып, аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Алмалы аудандық сотының үкімімен «Метрополитен» КМК мен мердігер компаниялардың 10 лауазымды тұлғасы мүлкін тәркілеумен бірге ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ келтірілген залалды ортақ тәртіппен өтеу міндеттелді.

Кассациялық тәртіппен сот актілерін тексеру барысында жымқырылған қаражаттың 127 млн теңгесі басқа заңды тұлғаның банк шоттарынан анықталды. Прокурордың кассациялық наразылығын қараған сот бұл қаражатты мемлекет кірісіне өндіру туралы шешім қабылдады.

Прокуратура бұл факт мемлекеттік қаржыға қол сұғушылық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын көрсететінін атап өтті. Сондай-ақ бюджет қаражатын пайдалану кезінде лауазымды тұлғалар жоғары деңгейдегі адалдық пен заңдылықты сақтауға міндетті екені ескертілді, себебі бұл саладағы кез келген заң бұзушылық мемлекет тарапынан ерекше бақылауда болады және қатаң құқықтық салдарға әкеледі.

Бүгін, 12:45

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью