Ми қызметін зерттейтін институт

18.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Институттың ашылуы – мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Ми қызметін зерттейтін институт ғылыми-технологиялық әлеуетті арттырумен қатар пәнаралық зерттеулерді жетілдіріп, инновацияларды өндіріске енгізуге бағытталмақ. Ұлттық университет бұл бағыттағы бастамаларды әрдайым қолдап келеді,  деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басқарма төрағасы-ректор Жансейіт Түймебаев.

Жаңа институттың отандық ғылым үшін маңызы зор екенін атап өткен ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаевтың пі­кірінше, бұл қадам университет пен ғылым академия­сы арасындағы табысты ынты­мақ­тастықтың нәтижесі болып отыр әрі еліміздің зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған игі іс.

Институт 2018 жылы ұлттық университетте құрылған «Ког­нитивтік нейроғылым» ғылыми-зерттеу орталығы негізінде ашылды. Бұл ми қызметін зерт­теу мен жаңа буын маманда­рын даярлау бағы­тындағы көп­жылдық жұ­мыстың нәти­же­сі. Зерттеулер әлемдік деңгей­дегі заманауи құрал-жаб­дық­тардың көмегімен жүргі­зі­леді. Олардың қатарында 3 маг­ниттік-резонанстық томографы, ANT Neuro жоғары ты­ғыздықтағы ЭЭГ құрылғы, функ­цио­налдық жақын инфрақызыл спектроскопия (fNIRS) технологиялары, сондай-ақ жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау әдістері бар.

Профессор Альмира Кус­ту­баева жетекшілік ететін инс­­титут когнитивтік, мінез-құ­лықтық, есептеу нейроғы­лы­мы, молекулалық-клеткалық және нейролингвистика зертхана­­ларын біріктіреді. «Ми инсти­тутының ашылуы – отан­дық ғы­лымдағы маңызды оқи­ға­ның бірі. Бұл еліміздегі ней­ро­ғылым дамуының жаңа кезе­ңін айқындайды. Институт қыз­метінің негізгі бағыты қата­рында мидың қалыпты және па­тологиялық дамуын, когни­тив­тік функцияларды талдау, ней­родегенеративті ­аурулар­ды зерделеу, эмоциялар мен ше­шім қабылдау тетіктерін анық­тау, көптілділіктің нейро­лингвис­ти­калық ерек­ше­лік­терін зерттеу, сон­дай-ақ жаңа диагностикалық және бол­жамдық биомаркерлер әзірлейді», дейді профессор.

Ми институтының база­сын­да елімізде алғаш рет нейротехнологияларды дамыту, ми сигналдарын талдау­да машина­лық оқыту мен жасанды интеллект әдістерін қол­дану, сондай-ақ «ми-ком­пьютер» интерфейстерін әзір­леу бағытында зерттеу­­лер жүргізілуде. Сонымен қа­тар мидың қалыпты және пато­ло­гиялық жағдайдағы дамуын зерт­­теуге арналған лонгитюд­тік зерт­теулер басталды, оның ішін­де назар тапшылығы мен гиперактивтілік синдромы және аутистік спектр бұ­зылыстары жөнінде зерттеу­лер де бар. Бұдан бөлек, ми­дың қалыпты дамуының бол­жам­дық көрсеткіштері де әзір­леніп, мидың қартаюы мен ней­родегенеративті аурулардың даму тетіктері жасушалық және жү­йелік деңгейлерде зерттеліп жатыр.

АЛМАТЫ 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью