Мигрант дағдарысы: Сеута тұрғындары үкіметке, оңшыл радикалдарға және бір біріне қарсы наразылық білдіруде

04.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Сеутаның жүздеген тұрғыны шекарадағы бақылауды күшейтуді талап етіп, наразылық шарасына шықты. Акцияға оңшыл белсенділердің қосылуы наразылық білдірушілердің ашуын туғызды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Сеутадағы мигранттар дағдарысы өткен демалыс күндері наразылық шеруіне ұласты: Мароккодан мигранттардың жаппай ағылуынан кейін жүздеген жергілікті тұрғын шекара бақылауын қатаңдатуды талап етті.

Митинг автономиялы қалаға бірнеше күн бойы жасалған бұрын-соңды болмаған көші-қон қысымынан кейін, саяси және әлеуметтік шиеленістің күшеюі жағдайында өтті.

Әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылған акция қаланы қорғау ұрандарымен өтіп, үкіметтің бұл жағдайды реттей алмауына қатысты сыни пікірлермен сүйемелденді. Алаңда оңшыл белсенділердің пайда болуымен шиеленіс деңгейі арта түсті.

Олардың келуі наразылық білдірушілердің, соның ішінде қатар ұйымдастырылған қарсы демонстрация қатысушыларының да наразылығын тудырды.

Арасында марокколықтар көп болған Сеута тұрғындары дәл осы алаңда қаладағы бейбіт қатар өмір сүруді жақтап және ксенофобиялық мәлімдемелерге қарсылық білдіріп, қарсы акция өткізді. Бірнеше минут бойы екі топ бір-біріне айқайлап, өзара айыптаулармен алмасты, алайда айтарлықтай елеулі оқиғалар тіркелген жоқ.

Ұлттық полиция оңшыл радикал белсенділердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айтарлықтай күш жұмылдырған. Оларды күзетпен портқа дейін шығарып салған.

Полицейлерге алаңды қоршауға алып, екі топты бір-бірінен алыс ұстауға тура келген. Бірқатар оқиғаға қарамастан, демонстрация мен қарсы акция біртіндеп тарқап, полицияның бұдан да ауқымды араласуына қажеттілік туындаған жоқ.

Қазіргі уақытта автономиялы қалада сарбаздар, журналистер және елге заңсыз кірген 2500 адам қалып отыр, деп жазады El Pais.

Тағы оқыңыз: Марокко билігі Испанияға мигранттардың жаппай ағылуына не себеп болғанын түсіндірді

Испанияға шекарада көмек көрсету және Марокконы қолдау: ЕО мигранттар дағдарысын шешу жолын ұсынды

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью