Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, 22 қаңтарда Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтары мен жақын шет елдер азаматтарын ұстады. Олар сыйақы үшін Қазақстан аумағы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған.
26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында республикадан шығарылып, елге кіруге тыйым салынған шетелдік азамат ұсталды. Ол бөтен фамилиямен елге қайта кірген.
Сол күні Ақмола облысының Қосшы қаласында жалған құжаттар жасау арқылы шетел азаматтарының Қазақстанда болуын ұйымдастырған топ ұсталды.
"Жалпы күдіктілерден автокөліктер, қарда жүретін техника, шетелдік паспорттар, флэш-карталар, әртүрлі оргтехника және медициналық мекемелердің мөрлері тәркіленді. Негізгі ұйымдастырушылар сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы және 394-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!