Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Испанияның Сеута анклавында миграциялық дағдарыс өршіп барады. Заңсыз мигранттардың жаппай ағылуынан кейін еуропалық бірқатар саясаткер бұрын-соңды болмаған шараларды қолдануға, тіпті Испанияны Шенген аймағынан уақытша шығаруға шақырды. Бұл ретте Франция Испаниямен шекарадағы бақылауды күшейтті, ал Сеутаның өзінде наразылық акциялары дайындалып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Италия Испаниямен арада Шенген келісімін уақытша тоқтатуды ұсынды
Италия премьер-министрі Джорджа Мелони X әлеуметтік желісінде Сеутадағы жағдайға байланысты Испаниямен арада Шенген келісімін уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, испан анклавынан түскен кадрлар бақылаусыз заңсыз көші-қонның еуропалық шекара қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретінін көрсетеді.
Мелони бұл мәселені Ішкі істер министрі Маттео Пьянтедозимен талқылағанын хабарлады. Шұғыл кеңес қорытындысы бойынша, Италия өз шекарасын қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төтенше шаралар қабылдауға, соның ішінде Испаниямен еркін шекара өткелін уақытша тоқтатуға дайын.
Мелонидің бастамасын Италия СІМ басшысы әрі вице-премьері Антонио Таяни қолдады.
Финляндия Италияның ұсынысын қолдауға шақырдыФинляндия ішкі істер министрі Мари Рантанен де қатаң мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, Испания Шенген аймағының сыртқы шекарасын қорғай алмады, сондықтан қалған еуропалық елдер Италияның ұсынысын қолдауы тиіс.
Франция шекарадағы бақылауды күшейтті"Испания Шенген аймағының сыртқы шекарасын заңсыз өтуден қорғау міндетін орындай алмады. Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес. Еуропалық барлық ел Мелонидің ұсынысын қолдауы керек. Сыртқы шекараны қорғау бойынша өз міндеттерін орындамайтын елдер Шенген аймағының мүшесі бола алмайды", - деп жазды Рантанен X желісінде..
Көші-қон дағдарысы аясында Франция Испаниямен шекарадағы бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады. Франция ІІМ басшысы Лоран Нуньес испан бағытындағы тексерісті дереу күшейтуді және қосымша шекаралық тексеріс жүргізу үшін жедел әрекет ету бөлімшелерін тартуды тапсырғанын хабарлады.
Испания мигранттарды Мароккоға қайтарып жатырБұған дейін Испания ІІМ Мадрид пен Рабат Сеутаға заңсыз кірген барлық адамды мүмкіндігінше тез Мароккоға қайтару туралы келіскенін хабарлады. Сондай-ақ Испания билігі шекараны заңсыз кесіп өту әрекеттеріне тосқауыл қою үшін Марокконың күштік құрылымдарымен үйлестіру жұмыстары күшейтілгенін мәлімдеді.
Испандық БАҚ мәліметінше, бірнеше сағат ішінде Марокко мен Сеута арасындағы шекараны 40 мыңға жуық адам кесіп өткен болуы мүмкін.
Сонымен қатар БАҚ деректері бойынша, Сеутадағы мигранттар Мароккоға ерікті түрде қайта бастаған. Дегенмен жаңа топтардың келуі тоқтаған жоқ, бірақ 31 шілде таңертең ағын қарқыны бәсеңдеді. Мыңдаған жас әлі қала көшелерінде жүр.
Миграциялық дағдарыс аясында Сеута тұрғындары Испания премьер-министрі Педро Санчестің сапарымен тұспа-тұс келетін наразылық акциясына шығуға дайындалып жатыр.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу