Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Тәжірибелі қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін әлемнің 279-ракеткасы, литвалық Эдас Бутвиласпен өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин табандылық танытты – 7:6 (7:4). Екінші сетті де өз пайдасына жазды – 6:4.
Бір сағат 40 минутқа созылған бәсекеде М.Кукушкин 1 эйспен бірге 1 брейк-пойнттан мүлт кеткен жоқ. Бутвилас 7 эйспен көзге түсті.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін испаниялықтар, әлемнің 165-ракеткасы Роберто Карбальес Баэна немесе рейтингіде 260-орындағы Николас Санчес-Искердоның жеңгенімен таласады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 364-ракеткасы Денис Евсеев іріктеу сайысының финалында күтпеген жерден рейтингіде 1 036-сатыдағы Польша өкілі Филипп Печонкадан жеңіліп қалды – 6:7 (7:9), 6:0, 3:6. Сөйтіп ол негізгі жарысқа өте алмады.
Әлемнің 771-ракеткасы, 18 жастағы Әмір Омарханов Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің финалында рейтингіде 883-сатыдағы жаңазеландиялық Антон Шепке есе жіберді – 3:6, 6:7 (7:9).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Рыбакина мен Данилинаның әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ апалы-сіңлілі қазақстандық жас теннисшілер Франциядағы турнирдің финалына дейін жетті.